Тауарлар және қызметтер мен жұмыстарды сатып алу дегеніміз -
- Жеке тұлғалардан еңбек келісімшарты бойынша алынатын қызметтерді;
- Кәсіпкерлік қызмет нысаны емес жеке тұлғалардан қайтарымды қызмет көрсету келісімшарты бойынша алынатын қызметтер;
- Іс-сапарлық шығындарды жүзеге асырумен байланысты қызметтер;
- ҚР бюджеттік заңнамасына сәйкес оны орындау аясында алынған мемлекеттік тапсырмалар мен тауарлар, жұмыстар, қызметтер;
- Жарна (салым), оның ішінде заңды тұлғаның жарғылық капиталына салу;
- Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар немесе солармен үлестес заңды тұлғалар, ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Ұлттық Банкісінің құрылымына кіретін ведомствалар, ұйымдар мен елу және одан да көп дауыс беру акциясы (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) ҚР Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімді басқаруында және олармен үлестес заңды тұлғалар алған тауарлар, жұмыстар, қызметтер;
- Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы құрамына кіретін әскери және қосымша қажеттіліктегі (қолданыс) тауарлар (өнімдер), жұмыстар мен қызметтер.
- «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктер қызметі туралы» ҚР Заңы 5-1 бабының 2 тармақ 11 тармақшасында қарастырылған операциялар жүргізу кезінде алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтерден басқа.
Тапсырыс берушінің жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, қызметтерді ақылы негізде алуы, сонымен қатар «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңымен және ҚР азаматтық заңнамасымен бекітілген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді немесе тапсырыс берушінің жарғылық қызметін орындау. Мемлекеттік сатып алулар веб-порталы (ары қарай - Портал) мемлекеттік ақпараттар жүйесі ұсынған мемлекеттік сатып алулардың электронды қызметіне кіретін жалғыз нүкте.
Тауарлар және қызметтер мен жұмыстарды сатып алуға қатысу үшін:
- ҚР Ұлттық куәландырушы орталықтан электронды сертификаттар алу.
- Пайдаланушы ретінде тіркелу немесе өз ұйымыңызды қатысушы ретінде тіркеу, модулге сертификат бойынша кіру талап етіледі.