Қызметтік автокөлік құралын жүргізу қызметінің ТС
Қызметтік автокөлік құралын жүргізу қызметінің
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Көрсетілетін қызмет аясындағы міндеттері:
- Тапсырыс берушінің өтінімі (ауызша немесе месенджер, ұялы телефон және басқа да тәсілдері арқылы) бойынша Тапсырыс берушінің өкілдерін, сондай-ақ түрлі іс-шаралар шеңберінде делегация мүшелерін және тағы басқа тұлғаларды қызметтік мақсатта Астана қаласының аумағында, қалалар аралығында Scoda Octavia А7 қызметтік автокөлігімен тасымалдауды жүзеге асыру.
- 1 (бір) календарлық айда қызметтік автокөлік құралының Астана қаласы бойынша жалпы жүрген қашықтығы 2 100 (екі мың бір жүз) шақырымнан аспауы тиіс.
- Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілінен алынған жанармай талондарын нысаналы мақсаты бойынша қолдану және жол парақтары бойынша есепті айдан кейінгі 5 (бес) жұмыс күн ішінде Тапсырыс берушінің уәкілетті өкіліне есеп беру.
- Автокөліктің техникалық жағдайын қадағалау. Жөндеу қажет болған жағдайларда дереу Тапсырыс берушінің уәкілетті тұлғаларына хабарлау.
- Автокөлік пен ондағы мүлікті сақтау бойынша шаралар қабылдау.
- Жолаушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында көлік құралын барынша қауіпсіз басқаруды қамтамасыз ету, сондай-ақ Тапсырыс берушіге автокөлікке техникалық қызмет көрсету қажеттілігі туралы уақтылы хабарлау.
- Жолға шығар алдында жүру бағытын нақты пысықтап, оны тікелей Тапсырыс берушінің уәкілетті тұлғаларымен келісуі қажет.
- Автокөлікті бос кезінде күзетілетін тұрақта / гаражда қалдыруы тиіс.
Көрсетілетін қызметтің талаптары:
-
- Біліктілік талаптары:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы жүргізуші куәлігі (кемінде «B» санаты).
- Жүргізуші ретінде кемінде 3 (үш) жыл тәжірибесінің болуы.
- Жол қозғалысы қағидаларын білуі және қатаң сақтауы.
- Кәсіби дағдылар:
- Автокөлікті қауіпсіз және сенімді басқару дағдыларының болуы.
- Қала ішінде және қала сыртында тиімді қозғалыс бағытын жоспарлай білу.
- Жол жағдайына (ауа райы, кептеліс, жол сапасы) байланысты дұрыс шешім қабылдау қабілеті.
- Автокөліктің техникалық жай-күйін бақылау және ұсақ ақауларды анықтай білу.
- Жеке қасиеттер:
- Жауапкершілік, тәртіптілік, ұқыптылық.
- Пунктуалдылық (уақытты қатаң сақтау).
- Стрестік жағдайларда сабырлық сақтау.
- Әдептілік, іскерлік қарым-қатынас мәдениетін сақтау.
- Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар:
- Медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы.
- Көлік құралын басқаруға жарамды болуы (алкогольдік, есірткілік немесе уытты масаң күйде қызмет көрсетуге жол берілмейді).
- Мінез-құлық және қызмет көрсету стандарттары:
- Қызмет көрсету барысында іскерлік этиканы сақтау.
- Жолаушылармен сыпайы және бейтарап қарым-қатынас ұстану.
- Қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтау.
- Сыртқы келбетінің ұқыпты болуы.
- Қосымша талаптар (артықшылық ретінде):
- Басшылықты немесе делегацияларды тасымалдау тәжірибесі.
- Қала инфрақұрылымын жақсы білу.
- Қалааралық шығуларға дайын болуы.
Қызмет көрсету мерзімі: 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Коммерциялық ұсыныстарды жолдау үшін байланыс деректері:
- телефон нөмірі: +7 (701) 135 6253
- электрондық пошта: info@oq.gov.kz
- мекенжайы: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі 33, 705 кабинет.
Коммерциялық ұсынысты беру мерзімі:
Көлік жүргізу қызметін көрсетуінің 1 (бір) сағаттың құнын көрсетуді ескере отырып, 2026 жылғы 24 сәуірге дейін коммерциялық ұсыныс беру.