Шетелдегі отандастарға арналған «Отандастар кездесуі» іс-шарасын ұйымдастыру жобасы шеңберінде «Жастар. Мүмкіндік. Болашақ» мотивациялық форумына фото және бейнетүсіріліммен қамтамасыз ету бойынша қызметі


Шетелдегі отандастарға арналған «Отандастар кездесуі» іс-шарасын ұйымдастыру жобасы шеңберінде  «Жастар. Мүмкіндік. Болашақ»

мотивациялық форумына фото және бейнетүсіріліммен қамтамасыз ету бойынша қызметі

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Көрсетілетін қызметтің атауы: «Жастар. Мүмкіндік. Болашақ» мотивациялық форумына (бұдан әрі – Форум) фото және бейнетүсіріліммен қамтамасыз ету бойынша қызметі.

Тапсырыс беруші: «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Тапсырыс беруші).

Орындаушы: мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша Тапсырыс берушімен шарт жасасқан тұлға (бұдан әрі – Орындаушы).


1. ҚЫЗМЕТ ТҮРІ МЕН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР                

  • Қызмет түрі: Форумды кәсіби фото және бейнетүсіріліммен қамтамасыз ету, бейнероликтер әзірлеу, бейнематериалдарды монтаждау және фотосуреттерді өңдеу.

  • Қызмет көрсету орны: Астана қаласында 2026 жылғы 7 қараша күні Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ. Сәтбаев көшесі, 2., 208 - аудитория

  • Өткізу уақыты: 9:00-14:00

  • Форумның өтетін күні: 2026 жылғы 7 қараша.

  • Қызмет көрсету көлемі:

  • Спикерлерге арналған таныстырылым бейнероликтері: 4 дана;

  • Форумның анонстық бейнеролигі: 1 дана;

  • Форумның бейнетүсірілімі: барлық сессиялар мен спикерлердің сөз сөйлеуі;

  • Форумның қорытынды есептік бейнеролигі: 1 дана;

  • Форумның толық фототүсірілімі: іс-шараның барлық кезеңдерін қамту.

 

2. БЕЙНЕРОЛИКТЕРДІ ӘЗІРЛЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

2.1. Спикерлердің таныстырылым бейнероликтері:

  • Саны: 4 дана, әрқайсысының ұзақтығы 10–15 секунд;

  • Спикерлер сахнаға шығар алдында үлкен экранда көрсетуге арналған;

  • Спикерлердің аты-жөні, қызметі, фотосуреттері және анимациялық элементтер қамтылуы тиіс.

2.2. Форумның анонстық бейнеролигі:

  • Саны: 1 дана, ұзақтығы 30–60 секунд;

  • Форумның атауы, өтетін күні, орны және негізгі мазмұны қамтылуы тиіс;

  • Әлеуметтік желілерде жариялауға бейімделуі тиіс.

  • Жариялау мерзімі: Форумның өткізілуіне кемінде 2 (екі) күн қалғанда, яғни 2026 жылғы 5 қарашадан кешіктірмей.

2.3. Форумның бейнетүсірілімі:

  • Форумның барлық сессиялары мен спикерлердің сөз сөйлеуін бейнежазбаға түсіру;

  • Сапалы дыбыс жазуды қамтамасыз ету;

  • Әрбір сессия мен спикердің сөз сөйлеуінің жеке бейнежазбасын ұсыну.

2.4. Форумның қорытынды есептік бейнеролигі:

  • Саны: 1 дана, ұзақтығы 5-7 минут;

  • Форумның негізгі сәттерін, спикерлердің сөз сөйлеуін, қатысушылардың белсенділігін және іс-шараның жалпы атмосферасын қамту;

  • Кәсіби монтаж, түстік түзету, музыкалық сүйемелдеумен қамтамасыз ету.

2.5. Форумның толық фототүсірілімі:

  • Форумның барлық кезеңдерін, спикерлерді, қатысушыларды, сессияларды және топтық фотосуреттерді қамту;

  • Фотосуреттерді іріктеу, өңдеу және жоғары сапада ұсыну;

  • Дайын фотосуреттер мен бастапқы файлдарды Тапсырыс берушіге тапсыру.

3. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САПАЛЫҚ ТАЛАПТАР

  • Фото және бейнетүсірілім кәсіби жабдықтармен жүзеге асырылуы тиіс;

  • Бейнематериалдардың сапасы кемінде Full HD (1920×1080) болуы тиіс;

  • Барлық бейнероликтер Форумның бекітілген брендбугіне сәйкес әзірленуі тиіс;

  • Бейнероликтер MP4, фотосуреттер JPEG форматында ұсынылуы тиіс;

  • Үлкен экранға арналған бейнероликтер 16:9, әлеуметтік желілерге арналған бейнероликтер 9:16 форматында әзірленуі тиіс;

  • Дайын материалдар Тапсырыс берушімен келісілуі тиіс.

4. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМДЕРІ

  • 2026 жылғы 5 қарашаны қоса алғанда: спикерлердің таныстырылым және анонстық бейнероликтерді дайындау және келісу;

  • 2026 жылғы 7 қараша: Форум уақытында (9:00-14:00) толық фото және бейнетүсірілімін қамтамасыз ету;

  • Форум аяқталғаннан кейін: қорытынды бейнероликті, барлық сессиялардың бейнежазбаларын және өңделген фотосуреттерді Форум аяқталған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде Тапсырыс берушіге тапсыру.

5. МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

  • Орындаушы көрсетілетін қызметтердің сапасына, толықтығына және осы Техникалық сипаттамада белгіленген мерзімде орындалуына толық жауапты болады.

  • Қызмет көрсету нәтижесінде әзірленген барлық фото және бейнематериалдарға қатысты мүліктік құқықтар толық көлемде Тапсырыс берушіге тиесілі. Орындаушы барлық дайын және бастапқы материалдарды Тапсырыс берушіге электрондық форматта (бұлттық қойма немесе сыртқы тасымалдаушы құрылғы арқылы) толық көлемде тапсыруға міндетті.

  • Орындаушы ерекше мүліктік құқықтардың берілуіне кепілдік береді, сондай-ақ материалдарды автордың аты-жөнін көрсетпей (жасырын) пайдалануға және оларды Тапсырыс берушінің бейімдеуіне/өзгертуіне келісім береді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер, коммерциялық ұсыныстар беру info@oq.gov.kz электрондық поштасы арқылы немес Астана, Д.Қонаев көшесі 33, 11 қабат, «Отандастар қоры» КеАҚ Шетелдегі отандастармен жұмыс департаментінде 2026 жылғы 2 қарашаға дейін қабылданады.

 

«Отандастар қоры»  КЕАҚ

30.10.2026 ж.