«Отандастар қоры» КеАҚ зерттеулер жүргізу және қорытынды талдамалық есептерді дайындау бойынша қызметтер көрсетуге орындаушылыққа үміткерлер арасында конкурс жариялайды


Хабарландыру

 

«Отандастар қоры» КеАҚ зерттеулер жүргізу және қорытынды талдамалық есептерді дайындау бойынша қызметтер көрсетуге орындаушылыққа үміткерлер арасында конкурс жариялайды. Қызметтер көрсету туралы толыққанды ақпарат техникалық ерекшелікте көрсетілген.

Құжаттарды тапсыру: Құжаттар  2024 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұсынылуы тиіс. Құжаттарды көрсетілген мекен-жайға қолма-қол өткізуге немесе info@oq.gov.kz электрондық поштасына жіберуге болады. Құжаттар түгел болмаған жағдайда, орындаушы үміткер конкурсқа қатыстырылмайды.

Мекен-жай: Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі 12/1, 3 қабат, «Отандастар қоры» КеАҚ Талдау және стратегиялық даму департаменті. Байланыс телефоны: 8 (7172) 235943.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. Қызмет көрсетудің Техникалық ерекшелігінің 1 тармағында көрсетілген орындаушы үміткерге қойылатын талаптарға сәйкес құжаттар;
  2. Өтінім (еркін нысанда);
  3. Коммерциялық ұсыныс (еркін нысанда).

Зерттеулер жүргізу және қорытынды талдамалық есептерді дайындау бойынша қызметтер көрсетудің ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ