«Erulik.kz» веб-платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша маман


«ERULIK.KZ» ВЕБ-ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ ЖҰМЫС ІCТЕУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАҒЫ ШАРТ БОЙЫНША МАМАН

Ай сайынғы жалақы: 150 000 теңге

Жалпы біліктілік талаптары: орта/жоғары кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің болуы: ақпараттық ресурстарды құру және сүйемелдеу саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде алты ай. Web-ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігі негіздерін білу. Қазақ, ағылшыт тілін білу.

Техникалық ерекшеліктер:

  • 1. Erulik.kz порталын басқару, дамыту және қауіпсіздігін бақылау;
  • 2. Сайттың дұрыс жұмыс істеуін ұйымдастыру және бақылау, желідегі пайдаланушылар үшін веб-порталдың қолжетімділігін үнемі қадағалау;
  • 3. Қажет болған жағдайда интерфейсті өзгерту жөнінде кодтарды қосу, оңтайландыру және сайт ресурстарын бақылау;
  • 4. Сайттың мәтіндік және визуалды мазмұнын жаңарту, өңдеу немесе ауыстыру (қазақша, орысша, латын, ағылшын және төте жазу қарпінде);
  • 5. Порталдың ақпаратын толтыру үшін тапсырыс берушімен, жауапты маманмен өзара байланыс жасау, ресурстарды толтыруға барынша атсалысу;
  • 6. DDoS-шабуылдардан қорғаныс жүргізілу;
  • 7. Сайттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сайт файлдарының әрбір редакциясын резервке қою және балама қоймаларда сайттың қосымша көшірмесін жасау;
  • 8. Сайтты техникалық қолдауға тартылған мамандардың жұмысын үйлестіру;
  • 9. Ресурс қолданушыларымен кері байланыс орнату: пікірлерге, хабарламаларға жауаптар дайындау;
  • 10. Әр айдың қорытындысымен келесі айдың 5-не дейін атқарылған жұмыстар бойынша есеп тапсыру.
  •  
  • Байланысу нөмірлері: +7(7172) 235955
  • Электронды пошта: komek@oq.gov.kz (ұсыныстар мен түйіндемені жолдау үшін)
  •  
  • Шекті мерзімі: 11 қаңтар 2024 жыл