«Qazalem.kz» және «Oq.gov.kz» порталдарының интерфейсінің дизайнына жауапты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша веб-дизайнер


Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын (2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008) іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы ҚР Президентінің Жарлығының 82-тармағына және Үкімет аппаратының №16-02/01-94//1008 27.04.2023 ж. тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын қазақстандықтарды елдегі қоғамдық өмірге тарту және оларды шоғырландыру мақсатында ашылған «QAZALEM» порталына жаңаша дизайнға арналған техникалық ерекшелік

  1. Жұмыс мерзімі: 1 ай

  2. Жалпы біліктілік талаптары: Жалпы ІТ бағытындағы білім.

  3. Мынадай құзыреттердің болуы:

  • Web-ресурстардың интерфейсі туралы білуі;

  • Figma сервисімен жұмыс істей білуі

  • Креативті және кәсіби ойлана білуі;

  1. Порталдың басты беті

    1. Сайттың басты слайдеріне айдарлар тұратын бөлімдер қосу және анонстар бөлімін осы слайдерге топтау;

    2. «Қазақстан туралы» бөлімінен Аймақтар бөлімін бөлек шығару және оларды орналастырудың дизайнерлік шешімін табу;

    3. «Шетелдегі отандастар ұйымы» бөліміндегі картаны сайттың басты бетіне орналастыру;

    4. Басты беттегі видеоны Youtube видео-сервисіндегі ресми арнасымен бірге көрінетіндей етіп орналастыру;

    5. «Қазақстанның дамуына үлес қос» бөліміндегі ұсынылған сервистер мен консулдықтарға бронь жасау туралы сервисті біріктіре отырып, бірыңғай сервис блогын орналастыру (өзге де сервистер қосылатыны туралы тапсырыс берушімен келісе отырып);

    6. «Шетелдегі біздің азаматтар» бөліміндегі соңғы 3 сұхбатты көрсете отырып, «Сұхбаттар» бөлімін басты бетте орналастыру;

    7. Колл орталықтар баннерін сайт размерімен бірдей етіп орналастыру;

    8. «Қазақстанды бірге дамытайық», «Онлайн қауымдастықтар», «Білім. Қазақ тілін дамыту...», «Отандастар қоры», «Жұмыс», «Көші-қон», «Президент жастар кадр резерві», «Қазақстанның мем. органдарымен байланыс», «Қандастарға пайдалы кеңес» блоктарын біріктіре отырып орналастыру;

    9. Әлемдік және Қазақстандық жаңалықтарды орналастыру;

    10. «Біздің серіктестер» блогын орналастыру;

  2. «Қазақстан туралы» және «Аймақтар» блогының ішкі дизайны және сайттың мобилді нұсқасы

    1. Блок ішіндегі бөлімдердің әрқайсына жаңаша дизайндық көзқарас қажет етіледі;

  3. «Қазақстанның дамуына үлес қос» сервистер блогы мен «Жобалар» блогының ішкі-сыртқы парақшасы

    1. TAB форматында жасалған сервистер блогының әрқайсына жеке дизайн жасау;

    2. Әр сервистің ішкі жеке парақшасына /тапсырыс берушімен келісе отырып/ жеке дизайн жасау;

  4. Тіркелу функциясы мен Жеке кабинет дизайны

  5. Келесі айдың қорытындысымен келесі айдың 5-не дейін атқарылған жұмыстар бойынша есеп тапсыру.