2026 ж. өңірлер (Алматы қаласы, Ақмола облысы, Алматы облысы, ШҚО,Шымкент қаласы және Түркістан облысы) бойынша шетелде тұратын және ҚР-на келген отандастардың өтініштерін өңдеу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған тех. спецификацисы


Жалпы біліктілік талаптары: жоғары немесе орта арнаулы білім.

Мынадай құзыреттердің болуы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясат және көші-қон саласындағы нормативтік құқықтық актілерін білу; қазақ тілін еркін меңгеру; компьютерлік сауаттылық; қарым-қатынасқа бейімділік; стрессқа төзімділік; бастамашылдық; жауапкершілік; қызмет алушыға бағдарлану және оны ақпараттандыру.

Функционалдық міндеттер: шетелде тұратын және Қазақстан Республикасына қоныс аударған отандастарды ақпараттық қолдау бойынша жұмысты ұйымдастыру, телефон арқылы өтініштерін қабылдау; қоғамдық қабылдау ұйымдастыру; өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізу; ай сайынғы есептерді ұсыну.

Техникалық ерекшеліктері:

  1. Қызмет көрсетуді бастамас бұрын Қоғамның жауапты қызметкерлері тарапынан қызмет көрсету бойынша онлайн-нұсқамадан өту (қажет болған жағдайда).
  2. Шетелде тұратын және Қазақстан Республикасына қоныс аударған, қоғамдық қабылдауға жүгінген отандастарды қабылдау, консультациялық қызметтер көрсету (онлайн немесе офлайн форматта).
  3. Қоғамдық қабылдау барысында қосымша жалғанған кестеге сәйкес өтініш білдірген шетелде тұратын және Қазақстан Республикасына қоныс аударған отандастар туралы ақпаратты толтыру.
  4. Қоғамдық қабылдау қорытындысы бойынша өңделген өтініштер саны айына 30-дан кем емес болуы керек.
  5. Шетелде тұратын және Қазақстан Республикасына қоныс аударған отандастар мен уәкілетті органдардың қатысуымен іс-шараларды (кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, сұхбаттар) ұйымдастыру – айына кемінде 4 іс-шара.
  6. Қандастардың және шетелде тұратын әрі Қазақстан Республикасына қоныс аударған отандастардың өтініштері мен ұсыныстары негізінде мәселелерді жүйелі түрде шешу және олардың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға хаттар жолдау, сондай-ақ алынған жауаптарға мониторинг жүргізу.
  7. Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде тұрақты түрде ақпараттық жұмыс жүргізу, «Отандастар қоры» КЕАҚ-тың ресми парақшаларынан жаңалықтарды тарату.
  8. Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде көші-қон заңнамасы және осы бағытта жүзеге асырылатын іс-шаралар бойынша айына кемінде 4 жарияланым орналастыру.
  9. Ай сайынғы шығармашылық есепте қоғамдық қабылдау аясында атқарылған жұмыстарды, сондай-ақ ұйымдастырылған іс-шараларды фотоматериалдарды қоса отырып, толық сипаттау.
  10. Қорытынды есептің түпнұсқасы ай сайын 5 күнтізбелік күн ішінде Отандастар қорының жауапты қызметкеріне ұсынылады.

 

Коммерциялық ұсыныстарды жолдау үшін байланыс деректері:

  • телефон нөмірі: +7 (7172) 235955
  • электрондық пошта: komek@oq.gov.kz
  • мекенжайы: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі 12/1, Шетелдегі қандастармен жұмыс департаменті.

 

Коммерциялық ұсынысты беру мерзімі 2026 жылғы 30 қаңтарға дейін