«Отандастар Қоры» КеАҚ шетелдерде тұратын 12-17 жастағы этникалық қазақ балалар арасында 2025 жылы 7-20 шілде аралығында «Жас Қазақ» жазғы этно-танымдық лагерін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
«Жазғы лагерь» жобасын ұйымдастыру және өткізу аясындағы қызметін орындаушы тарап төмендегі функцияларды орындауға жауап береді:
— жазғы лагерьдің салтанатты ашылуы және жабылуын ұйымдастырады;
— жазғы лагерь бағдарламасын әзірлейді;
— жазғы лагерь жұмысын қамтамасыз ету үшін мектептің педагогикалық қызметкерлерінің құрамын анықтайды;
— жазғы лагерь қатысушыларының 10 күннен кем емес сабақ кестесі мен күн тәртібін жасап, бекітеді;
— жазғы лагерьге қатысушыларды орналастыру үшін жатақхана дайындайды;
— жазғы лагерьді ұйымдастыру мәселелері бойынша білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады;
— жазғы лагерь бағдарламасы бойынша оқушылармен кері байланыс орнатады;
— қызмет көрсету кезеңінде қатысушылардың мектепте болуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды: жатын-орын, тамақтану;
— жынысы әр түрлі қатысушылардың бөлек тұруын қамтамасыз етеді;
— қатысушылардың мектепте болған барлық кезеңіне шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
— бағдарлама өтер алдында қатысушыларға қауіпсіздік техникасы ережелерін түсіндіреді;
— Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықтық нормаларға сәйкес оқушылардың барлық медициналық деректерінің құпиялылығын сақтайды;
— қатысушылардың кез келген қолда бар деректерін жария етуден қорғайды;
— Тапсырыс берушіні қысқа мерзімде, қатысушылардың деректерінің құпиялылығының бұзылуы анықталғаннан кейін 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей хабардар етеді;
— жазғы лагерь жұмысының қорытындысы бойынша есеп береді;
— жазғы лагерьді ұйымдастыру мәселелері бойынша Қоғаммен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді.
Коммерциялық ұсыныстар 2025 жылдың 13-маусымына дейін Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 12/1 мекенжайы немесе info@oq.gov.kz эл-поштасы арқылы қабылданады.
«Отандастар Қоры» КеАҚ
05.06.2025