Жалпы біліктілік талаптары: жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің болуы: ҚР-ға көшіп келген этникалық қазақтармен жұмыс тәжірибесі; қандастарға қатысты заңнамалық актілерді білу, хаттармен жұмыс істеу; қазақ тілін меңгеру, компьютерлік сауаттылық, коммуникабельділік, стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға бағдарлану және оны ақпараттандыру, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл.
Функционалдық міндеттер: шетелде тұратын және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды ҚР азаматтығын алғанға дейін қолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, өтініш білдірген қандастардың қоңыраулар қабылдауы мен қоғамдық қабылдауын ұйымдастыру, құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, әлеуметтік желілерде жұмыс істеу, ай сайынғы есепті тапсыру, шартта көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Техникалық ерекшеліктері:
Шекті мерзімі: 12 ақпан 2024 жыл
Байланысу нөмірлері: +7(7172) 235955
Электронды пошта: komek@oq.gov.kz (ұсыныстар мен түйіндемені жолдау үшін)