«Oq.gov.kz» сайты мен «erulik.kz» веб-платформасының жұмыс іcтеуін қамтамасыз ету бойынша азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша маман
Жалпы біліктілік талаптары: жоғары білім
Мынадай құзыреттердің болуы:ақпараттық ресурстарды құру және сүйемелдеу саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде алты ай. Web-ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігі негіздерін білу. Сайттың дұрыс жұмыс істеуін ұйымдастыру және бақылау, желідегі пайдаланушылар үшін сайттың қолжетімділігін үнемі қадағалау. Қажет болған жағдайда интерфейсті өзгерту жөнінде кодтарды қосу, оңтайландыру және сайт ресурстарын бақылау. Сайттың мәтіндік және визуалды мазмұнын жаңарту, өңдеу немесе ауыстыру. Сайттың ақпаратын толтыру үшін тапсырыс берушімен, жауапты маманмен өзара байланыс жасау, ресурстарды толтыруға барынша атсалысу. DDoS-шабуылдардан қорғаныс жүргізілу. Сайттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сайт файлдарының әрбір редакциясын резервке қою және балама қоймаларда сайттың қосымша көшірмесін жасау.
Oq.gov.kz сайты бойынша техникалық ерекшеліктер:
1. Oq.gov.kz cайтын басқару, дамыту және қауіпсіздігін бақылау.
2. Cайтқа отандастарға қатысты ақпараттарды салу.
3. «Отандастар Қоры» КЕАҚ сайтының ай сайынғы статистикалық көрсеткіштерін дайындау.
4. Әр айда атқарылған жұмыстың қорытындысын келесі айдың 5-не дейін есеп тапсыру.
Erulik.kz веб-платформасы бойынша техникалық ерекшеліктер:
1. Erulik.kz cайтын басқару, дамыту және қауіпсіздігін бақылау.
2. Веб-порталға көші-қонға қатысты ақпараттарды салу (болған жағдайда).
3. Веб-порталдың ай сайынғы статистикалық көрсеткіштерін дайындау.
4. Әр айда атқарылған жұмыстың қорытындысын келесі айдың 5-не дейін есеп тапсыру.
Коммерциялық ұсыныстар 2025 жылғы 27 қаңтарға дейін Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 12/1, 3 қабат мекенжайы бойынша немесе info@oq.gov.kz поштасы арқылы қабылданады.