«Қазақ дәстүрлерінің заманауи трансформациясы және «Тұсау кесу» философиясы» тақырыбында баяндама жасау қызметі


«Шетелдегі отандастармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Кіші құрылтайын ұйымдастыру» жобасы шеңберінде Токио қаласында Азия қазақтарының кіші құрылтайын ұйымдастыру бойынша баяндамашы қызметтерін сатып алуға арналған

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА

 

1. Тапсырыс беруші: «Отандастар қоры» КЕАҚ.

2. Жобаның атауы: 2026 жылғы 28 мамырда Токио қаласында өтетін Азия қазақтарының кіші құрылтайы іс-шарасында «Қазақ дәстүрлерінің заманауи трансформациясы және «Тұсау кесу» философиясы» тақырыбында баяндама жасау.

3. Қызметтің мақсаты:

Азия қазақтарының кіші құрылтайының бекітілген бағдарламасына сәйкес, «Қазақ дәстүрлерінің заманауи трансформациясы және «Тұсау кесу» философиясы» тақырыбында кәсіби баяндама жасау. Баяндаманың мақсаты – қазақтың төл дәстүрлерінің заманауи әлемдегі көрінісі мен трансформациясын талдау, «Тұсау кесу» салтының философиялық және тәрбиелік мәнін ашу.

4. Өтетін күні мен орны:

2026 жылғы 28 мамыр, Токио қаласы (Жапония).

5. Регламент:

Сөз сөйлеу ұзақтығы – кемінде 15 минут.

6. Мақсатты аудитория:

•   қазақ мәдени орталықтарының жетекшілері мен белсенділері;

•   шетелде білім алып жүрген студенттер;

•   кәсіпкерлер, IT-мамандар, креативті индустрия өкілдері;

•   Қазақстан Республикасының азаматтары және отандастар;

•   сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдері;

•   Қазақстанның мәдениетіне, тіліне және дәстүрлеріне қызығушылық танытатын шетел азаматтары.

7. Қызметке қойылатын талаптар:

Қазақ дәстүрлерінің заманауи қоғамға бейімделу үдерістерін, «Тұсау кесу» салтының терең философиялық мәнін, оның ұрпақ тәрбиесі мен мәдени кодты сақтаудағы рөлін қамтитын ақпараттық-танымдық баяндама дайындау;

Тақырыпты визуалды сүйемелдеумен (презентация, инфографика немесе бейнематериалдар) қамтамасыз ету;

Аудиториямен кері байланыс орнату, талқылау кезінде қойылған сұрақтарға кәсіби деңгейде жауап беру.

Қосымша талаптар:

Халықаралық форумдарда, конференцияларда, кіші құрылтайларда немесе мәдени шараларда көпшілік алдында сөз сөйлеу тәжірибесінің болуы үміткерге артықшылық береді. Іріктеу кезінде басымдыққа ие болу үшін мәдени-гуманитарлық саладағы жұмыс өтілін немесе бұған дейін сөз сөйлегенін растайтын құжаттарды (диплом, шарт, анықтама, портфолио және т.б.) ұсыну құпталады.

Тілдік дағдылар: Мемлекеттік тілде (қазақ тілі) еркін сөйлеу және мазмұнды жеткізе білу. Ағылшын тілін меңгеру (артықшылық ретінде қарастырылады);

Ресми іс-шаралардың этикасын сақтау.

Коммерциялық ұсыныстарды жолдау үшін байланыс деректері:

  • телефон нөмірі: +7 (705) 664 7211
  • электрондық пошта: info@oq.gov.kz
  • мекенжайы: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі 33, 1106 кабинет, Шетелдегі отандастармен жұмыс департаменті.

 Коммерциялық ұсынысты беру мерзімі 2026 жылғы 12 мамырға дейін.