Шетелдегі отандаcтар үшін сапалы әрі пайдалы контент дайындау
қызметі бойынша
ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Жалпы біліктілік талаптары: жоғары білім (ЖОО, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстарын және т. б. көрсету).
Қызмет көрсету мерзімі: 2026 жылғы ақпан – қараша.
Мынадай құзыреттердің болуы: әлеуметтік желілерді жүргізу (SMM), іс-шаралар мен жобалар туралы ақпарат дайындау (копирайтинг), іс-шаралар туралы түсірілім жасау (мобилография), медиа-жоспар әзірлеуге қатысу, отандық және шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа мониторинг жасау.
Техникалық ерекшеліктер:
1. «Отандастар Қоры» КЕАҚ (бұдан әрі – Қоғам) әлеуметтік желідегі парақшаларын (Facebook, Instagram, Telegram, Tiktok) жүргізу және контент дайындау.
2. Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-тарды мониторинг жасау.
3. Отандық және шетелдік БАҚ-тар үшін ақпараттық парақтар дайындау.
4. Қоғамның іс-шаралары және/немесе жобалары туралы мобилография элементтерін қолдана отырып сапалы видеоконтенттер дайындау.
5. Қоғамның Youtube арнасының ай сайынғы статистикаcын дайындау.
6. Әр айда атқарылған жұмыстың қорытындысын келесі айдың 5-не дейін есеп тапсыру.
Коммерциялық ұсыныстар 2026 жылғы 4 ақпанға дейін Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 12/1, 3 қабат мекенжайы бойынша немесе info@oq.gov.kz поштасы арқылы қабылданады.
Байланыс телефоны: +7 7172 23 59 93
26.01.2026