«Отандастар Қоры» КеАҚ-тың «Шетелдегі отандастарды домбыра ойнауға оқытуды ұйымдастыру» жобасы бойынша домбыра үйретуді ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметін сатып алу жоспарланып отырғанын хабарлайды
1. Кіріспе
Техникалық сипаттама (бұдан әрі – ТС) орындаушының көрсетілетін қызметтеріне қойылатын талаптарды айқындайды. ТС-да көрсетілген талаптар Орындаушыға міндетті болып келеді және кәсібилігін растайтын құжаттар негізінде домбыра үйрету қызметін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
2. Мақсат
Қызметтің негізгі мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары арасында дәстүрлі өнерді дәріптеу және домбыра үйрену арқылы қазақтың музыкалық мұрасын насихаттау, ұлттық бірегейлікті сақтау, мәдени байланыстарды нығайту, сондай-ақ қазақтың күй өнеріне қызығушылықты арттыру.
3. Жалпы ережелер
Тапсырыс берушінің өкілі Орындаушымен көрсетілетін қызметтердің кезеңдерін өзара келісу және үйлестіру мақсатында әрекеттеседі.
4. Қызметтер тізіміне қойылатын талаптар:
- – Орындаушының кәсіби білікті маман болуын растайтын диплом немесе біліктілігін растайтын басқа да құжаттарының болуы;
- – «Домбыра үйрену» сабақтары офлайн форматта өтеді;
- – 9 ай оқу (01.03.2025-30.11.2025) мерзіміне арналған оқыту жоспарын дайындау;
- – Қызмет көрсету аясындағы міндеттерін жеке өзі сапалы атқаруы керек;
- – Сабақтың мазмұнына, жобаның қажетті деңгейде насихатталуына жауап беруі керек;
- – Келісім шарт мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 5 күрделі күй, 5 шағын күй үйрету;
- – Қатысушылар тізімін құру тиіс (кәмелет жасқа толмаған оқушылардың ата-анасының біреуі, қамқоршы немесе заңды өкілінен жазбаша түрдегі рұқсаты болуы тиіс);
- – Домбыра үйрену курсының аудиториясына шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұратын кемінде 15 қатысушы жинауы тиіс;
- – Домбыра үйрену сабақтары аптасына кем дегенде 2 күн, айына кемінде 10 сағатты құрау керек;
- – Орындаушы домбыра үйрену курсының айлық есебін және қатысушылар тізімін (аты-жөні, жасы, қаласы, байланыс көздері) Астана қаласы уақытымен есепті және көрсетілген қызметтердің актілерінің түпнұсқаларын келесі айдың 15-ші күні сағат 18:00-ге дейін қағаз және электронды нұсқада Тапсырыс берушіге жолдама хатпен ұсынуы керек (фото, видео материалдарымен қоса);
5. Қызмет көрсету мерзімі:
2025 жылғы 1 наурыздан бастап 30 қарашаға дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінім, коммерциялық ұсыныс беру 25 ақпанға дейін otandastarqory01@gmail.com электронды поштасы арқылы немесе Астана қаласы, Қонаев көшесі 12/1 мекенжайы бойынша қабылданады.