Онлайн форматтағы қазақ тіл оқытушысы қызметін көрсетуге арналған техникалық сипаттама


 

1. Білім және кәсіби құзыреттілік

  • – Филология (қазақ тілі мен әдебиеті) немесе педагогика мамандығы бойынша жоғары білім;
  • – Қазақ тілін оқыту әдістемесі мен дидактикасын жақсы білуі;
  • – Заманауи оқыту технологиялары мен цифрлық құралдарды қолдана білу.

2. Тіл деңгейін бағалау дағдылары

  • – Оқушылардың тіл деңгейін анықтау және оларға сәйкес оқу бағдарламасын құру қабілеті;
  • – Тіл үйренушілердің прогрессін қадағалап, оқу нәтижесін бағалау.

3. Педагогикалық дағдылар

  • – Әр жас топтарына арналған (балалар, жасөспірімдер, ересектер) жеке әдістемелерді қолдана білу;
  • – Сабақтарды қызықты, интерактивті, нәтижеге бағытталған түрде өткізу;
  • – Қурсқа қатысушылардың мотивациясын арттыру, олардың қызығушылығын ояту.

4. Тіл меңгеру деңгейі

  • – Қазақ тілін жетік білу (мемлекеттік тілде сауатты сөйлеу және жазу);
  • – Орыс және ағылшын тілдерін жетік білу қажет.

5. Жеке қасиеттер

  • – Коммуникабельділік – қатысушылармен оңай тіл табысу;
  • – Төзімділік – түрлі деңгейдегі қатысушылармен жұмыс істеу кезінде сабырлы болу;
  • – Шығармашылық – оқу процесін әртүрлі форматта қызықты ұйымдастыру;
  • – Жауапкершілік – белгіленген уақытта сабақ өткізу, материалдарды уақытында дайындау.

6. Техникалық талаптар

  • – Жақсы интернет байланысы;
  • – Онлайн сабақтар үшін қажетті құрал-жабдықтар: бейнекамера, микрофон, интерактивті тақта (немесе оның баламалары).

7. Қосымша артықшылықтар

  • – Мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі;
  • – Қазақ мәдениеті мен тарихын жақсы білу және оны сабақ барысында қолдану.

Өтінімдер 2025 жылғы 10 ақпанға дейін oq.govkz@gmail.com