«Oq.gov.kz» сайтының жұмыс іcтеуін қамтамасыз ету бойынша азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша маман


«Oq.gov.kz» сайтының жұмыс іcтеуін қамтамасыз ету бойынша азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша маман

Жалпы біліктілік талаптары: жоғары білім

Мынадай құзыреттердің болуы: ақпараттық ресурстарды құру және сүйемелдеу саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде алты ай. Web-ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігі негіздерін білу. Сайттың дұрыс жұмыс істеуін ұйымдастыру және бақылау, желідегі пайдаланушылар үшін сайттың қолжетімділігін үнемі қадағалау. Қажет болған жағдайда интерфейсті өзгерту жөнінде кодтарды қосу, оңтайландыру және сайт ресурстарын бақылау. Сайттың мәтіндік және визуалды мазмұнын жаңарту, өңдеу немесе ауыстыру. Сайттың ақпаратын толтыру үшін тапсырыс берушімен, жауапты маманмен өзара байланыс жасау, ресурстарды толтыруға барынша атсалысу. DDoS-шабуылдардан қорғаныс жүргізілу. Сайттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сайт файлдарының әрбір редакциясын резервке қою және балама қоймаларда сайттың қосымша көшірмесін жасау.

Техникалық ерекшеліктер:

  • 1. Oq.gov.kz cайтын басқару, дамыту және қауіпсіздігін бақылау;
  • 2. «Отандастар Қоры» КЕАҚ «oq.gov.kz» порталдары үшін сапалы контент дайындау және оларды насихаттау;
  • 3. «Отандастар Қоры» КЕАҚ сайтының ай сайынғы статистикалық көрсеткіштерін дайындау.
  • 4. Сайт қолданушыларымен кері байланыс орнату: пікірлерге, хабарламаларға жауаптар дайындау;
  • 5. Әр айда атқарылған жұмыстың қорытындысын келесі айдың 5-не дейін есеп тапсыру.
  •  
  • Байланысу нөмірлері: +7(7172) 235955;  +7 775 510 5191
  • Электронды пошта: info@oq.gov.kz (ұсыныстар мен түйіндемені жолдау үшін)
  •  
  • Шекті мерзімі: 11 қаңтар 2024 жыл