Оңтүстік-Шығыс Азияда тұратын қазақтардың кіші құрылтайын Малайзияда ұйымдастыру жөніндегі қызметтердің техникалық сипаттамасы
- Тапсырыс беруші: «Отандастар қоры» КЕАҚ.
- Сатып алынатын қызметтердің мақсаты: Оңтүстік-Шығыс Азияда тұратын қазақтардың кіші құрылтайын жоғары деңгейде өткізуге жағдай жасау, қатысушылардың іс-шарадан толық ақпарат алып, өзара байланыс орнатуына қолайлы орта құру және Қазақстанның мәдени, рухани құндылықтарын шетегі қазақтарға дәріптеу.
- Өтетін орны: Малайзия, Куала-Лумпур қаласы
- Мерзімі: 11-12 қараша
- Әлеуетті өнім беруші Тапсырыс берушіге: залды жалға алу, залды техникалық жабдықтау, баннер, кофе-брейк ұйымдастыру және қатысушыларға трансфер ұйымдастыру қызметтерін жүзеге асырады.
- Залды жалға алу
- – Орын саны: кемінде 40 адамға арналған кең орын, қатысушыларға ыңғайлы отыруға мүмкіндігі бар.
- – Климаттық бақылау жүйесі: зал желдету және ауа баптаумен жабдықталған болуы тиіс.
- – Қосымша бөлмелер: панельдік талқылаулар, кофе-брейк және жеке кездесулер үшін фойе немесе кішігірім зал қажет.
- – Интернет байланысы: жоғары жылдамдықты Wi-Fi және тұрақты интернет қосылымы.
- – Залды кіші құрылтайдың ресми бөлігі өтетін күні толық күнге жалға алу қажет.
- Залды техникалық жабдықтау
- – Жарықдиодты (LED) экран, кемінде 4912 x 1338 pixel. Қызмет көрсету: экранды орнату, іске қосу және іс-шара кезінде техникалық қолдау көрсету.
- – Сахнада спикер креслолары және брендтелген спич трибуна
- – Дыбыс жабдықтары: сапалы дыбыс тарататын және залдың көлеміне сәйкес жеткілікті қуаттағы дыбыс колонкалары.
- – кемінде 2 сымсыз микрофон және панельдік сессиялар үшін трибунаға қойылмалы микрофондар.
- – аудио жүйенің сапасын қадағалау және реттеу үшін басқару пульті.
- – Презентация құралдары: ноутбуктер және бейнепроекторлар, презентацияны басқару пульті.
- – Техникаға жауапты персонал.
- Баннер (пресс-стенд)
- – Өлшемі: кемінде 2x3 метр.
- – Материал: жоғары сапалы винил немесе баннер материалы, жарқын және анық көрінетін түстер.
- – Дизайн: іс-шара тақырыбын, Қазақстанның мәдениетін және Отандастар қорының логотипін бейнелейтін жарқын, анық және тақырыпқа сәйкес келетін стиль.
- – Орнату: баннер іс-шара алдында қойылып, соңында жиналады.
- Кофе-брейк ұйымдастыру
- – Кемінде 42 адамға мәзір: кофе, шай, минералды су және жеңіл тағамдар
- Қатысушыларға трансфер ұйымдастыру
- – Көлік түрі: 3 минивэн.
- – 11-12 қараша күндері құрылтай қатысушыларына трансфер.
- – Сыйымдылығы: әрқайсысы 7-10 адамға арналған.
- – Көліктің жағдайы: барлық көліктер техникалық тексеруден өткен және кондиционермен жабдықталған болуы керек; қажет болса, Wi-Fi қызметі.
- – Жүргізушілер: тәжірибелі, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүргізушілер.
- Қосымша талаптар
- – Техникалық қолдау: Іс-шара барысында барлық қызметтерді қадағалайтын жауапты тұлғалар және техникалық қызметкерлер болуы тиіс.
Әлеуетті қызмет орындаушылар өз ұсыныстарын 2024 жылғы 6 қарашаға дейінгі мерзімде Мекен-жайы: Астана қ., Қонаев к-сі, 12/1, 5/2 кеңсе немесе info@oq.gov.kz электрондық пошта арқылылы жібере алады.
«Отандастар қоры» КЕАҚ
30.10.2024