«Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық шығармашылық көрмесіне  Қазақтың ұлттық бишілеріне қойылатын талаптар


«Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық шығармашылық көрмесіне  Қазақтың ұлттық бишілеріне қойылатын талаптар

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

Қызмет көрсету орны және мерзімі: Испания Корольдігі, Мадрид қаласы, 2026 жылғы  29 қазан.

1. Қызметтің атауы:  
Қазақтың ұлттық биін кәсіби деңгейде орындау кем дегенде 5 би нөмірін жеке немесе топпен орындау.

2. Қызметтің мақсаты:       
Қазақ халқының ұлттық би өнерін кәсіби сахналық деңгейде орындау, ұлттық хореографиялық дәстүрлерді сақтау және тапсырыс берушінің іс-шарасында бекітілген би қойылымдарын сапалы орындауды қамтамасыз ету.

3. Сатып алынатын қызметтің саны: 4.

4. Бишіге қойылатын жалпы талаптар:

Орындаушы:

  • – деңгейін растайтын диплом немесе сертификаттар болуы;
  • – биге арналған ұлттық киімінің болуы және қойылымның мазмұны мен бағытына сәйкес келуі; (Тапсырыс берушімен алдын ала келісім бойынша)
  • – қазақтың ұлттық биінің негізгі қимылдарын және ұлттық хореографияны меңгерген болуы;
  • – сахналық қозғалыс техникасын меңгеруі;
  • – топтық және жеке би нөмірлерін орындауға қабілетті болуы;
  • – сахнада дұрыс дене қалпын, тепе-теңдікті және қозғалыс үйлесімділігін сақтауы;
  • – ұлттық бидің мазмұны мен көркемдік сипатын сахналық образ арқылы жеткізе білуі;
  • – қойылым барысында костюмнің, реквизиттің және сахналық мүліктің талапқа сай қолданылуын қамтамасыз етуі;
  • – кәсіби физикалық дайындығын және сахналық формасын сақтауы тиіс.
  •  
  • Іссапарға байланысты қонақүй, тәуліктік, визалық шығындар және жол жүру шығындары өзінен өтеледі.

Коммерциялық ұсыныстар 2026 жылғы 18 қазанға дейін Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 33, 11-қабат мекенжайы бойынша немесе info@oq.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Байланыс телефоны: +7 708 923 41 64