Отандастар қоры жыл бойы онлайн форматта қазақ тілі курсын үздіксіз ұйымдастырады. Сабақтар қазақ-ағылшын, қазақ-орыс, қазақ-парсы және қазақ-түрік тілдерінде өткізіледі. Қатысушылар тілді білу деңгейі және тұратын елінің уақыттық ерекшелігіне қарай деңгейлік топтарға бөлінеді.
Қатысу - тегін!
Курсқа қатысу үшін 8 701 000 1404 What`s App нөміріне жазуыңызды сұраймыз.
Жобаның мақсаты. Ана тіліміздің таралу аймағын кеңейту, диаспора арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеру, үйрету
Жобаның міндеті. Әдебиеттер мен оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ этникалық қазақтар көп шоғырланған жерлерде қазақ тілін оқыту бойынша білім беру іс-шараларын өткізу, қазақ тілін қашықтан оқытатын «онлайн» класстар ашу.
- Өткізілген сабақ және қатысушылар саны:
- 2020 жылы – 333 онлайн сабақ, 1163 адам;
- 2021 жылы – 780 онлайн сабақ, 1398 адам;
- 2022 жылы – 530 онлайн сабақ, 800 адам (І семестр)
- 2023 жылы (наурыз-қыркүйек) – 380 онлайн сабақ, 1200 адам.
Отандастар қоры 2019-2022 жылдары 12 мемлекетте 31 онлайн-сыныпты ашты. Ол үшін 24 қалада орналасқан қазақ ұйымдарын қазақ тілі курсына қашықтықтан қосылуы үшін техникамен (теледидар, ноутбук, веб-камера, аудио-колонка) жабдықтандырылды.
- Онлайн-сыныптар тізімі:
- 1. Ыстанбұл, Түркия – "Қазақ-түрік білім және зерттеу қоғамы";
- 2. Ыстанбұл, Түркия – "Қожа Ахмет Яссауи атындағы қор";
- 3. Париж, Франция – "Қорқыт" қазақ мәдени орталығы;
- 4. Берлин, Германия – "Герман-Қазақстандық қоғамы";
- 5. Хьюстон, АҚШ – "Шаңырақ" қоғамдық ұйымы;
- 6. Минск, Беларусь – М.Әуезов атындағы №143 орта мектеп;
- 7. Горган, Иран – "Иран қазақтары" қоғамдық ұйымы;
- 8. Омбы, Ресей;
- 9. Түмен, Ресей – "Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы" (Ишим қаласы);
- 10. Түмен, Ресей – "Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы" (№12 мектеп);
- 11. Қосағаш, Ресей – "Қосағаш ауданы қазақтарының жергілікті қоғамдық ұйымы";
- 12. Лондон, Ұлыбритания – "UK Kazakh Association";
- 13. Антверпен, Бельгия – "Шаңырақ" қоғамдық бірлестігі;
- 14. Бішкек, Қырғызстан – "Қырғызстан қазақтарының қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі;
- 15. Санкт-Петербург, Ресей – "Ата-Мекен" өңіраралық қоғамдық бірлестігі;
- 16. Орынбор, Ресей – "Бәйтерек" қайырымдылық қоры;
- 17. Эрдэнэт, Моңғолия – "Ертіндідегі қазақ мәдени орталығы";
- 18. Орск, Ресей – "Шашу" қазақ ансамблі;
- 19. Киев, Украина – "Достық" қазақ қоғамдық ұйымы;
- 20. Новосібір, Ресей – "Отан" қазақ мәдени орталығы" Новосібір аймақтық қоғамдық ұйымы;
- 21. Мәскеу, Ресей – "Қазақ диаспорасы" Мәскеу қоры" коммециялық емес ұйымы;
- 22. Омбы, Ресей – №100 мектеп;
- 23. Орынбор, Ресей – "Бәйтерек" қайырымдылық қоры;
- 24. Самара, Ресей – "Ақ жол" қазақтардың ұлттық-мәдени автномиясы" Самара аймақтық қоғамдық ұйымы;
- 25. Қобда, Моңғолия – "Әди-достық" қоғамдық бірлестігі;
- 26. Омбы, Ресей – "Мөлдір" қазақ мәдениеті орталығы;
- 27. Челябі, Ресей – "Азамат" қоғамдық ұйымы;
- 28. Саратов, Ресей – "Достар" қоры;
- 29. Астрахань, Ресей – "Қазақ мәдениетін дамыту қоры";
- 30. Астрахань, Ресей – Калинин орта мектебі;
- 31. Самара, Ресей – "Ақ жол" қазақтардың ұлттық-мәдени автномиясы" Самара аймақтық қоғамдық ұйымы.