Шетелде тұратын қазақтарды ҰБТ-ға қашықтан дайындау үшін арнайы платформамен қамтамасыз ету


 

«Шетелде тұратын қазақтарды ҰБТ-ға қашықтан дайындау үшін арнайы платформамен қамтамасыз ету» жобасына платформа арқылы ҰБТ-ға дайындаумен айналысатын мекемелер арасында конкурс өткізу туралы хабарлама

«Отандастар Қоры» КеАҚ « Шетелде тұратын қазақтарды ҰБТ-ға қашықтан дайындау үшін арнайы платформамен қамтамасыз ету» жобасына платформа арқылы ҰБТ-ға дайындаумен айналысатын мекемелер арасында конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Мекемелерге қойылатын талаптар:

  • жобаны іске асыру үшін қолданушының кез келген уақытта тегін, сапалы, қолжетімді білім алуына мүмкіндік туғыза алатындай платформасы болу;
  • платформаға тіркелушілер саны болуы қажет;
  • платформа әр пән бойынша бейнесабақтардан және оларды меңгергендігін тексеру үшін тест жүйесімен жабдықталған болуы шарт.

Мақсат. Жобаның мақсаты – шетелде тұратын қазақтарды ҰБТ-ға қашықтан дайындау үшін арнайы платформамен қамтамасыз ету. 

Қызметтер тізіміне қойылатын талаптар:

  • 1)    Жыл соңында есеп берілуі қажет. Есепте міндетті түрде тыңдаушылардың саны және т.б ақпараттар болуы тиіс;
  • 2)    Қолданушыларды әр пәннің бөлімдік тақырыбы өткен сайын тесттен өткізіп отыру қажет;
  • 3)    Негізгі міндеттерін сапалы атқаруы керек;
  • 4)    Жыл соңында курстың тиімділігі (қатысушылардың белсенділігі, үйрену прогресі және т.б) бойынша сараптама мен ұсыныстар беруі керек (кем дегенде 3 бет).

Конкурсқа қатысуға өтінім, коммерциялық ұсыныс беру 2024 жылғы 8 мамырға дейін oq.govkz@gmail.com электронды поштасына қабылданады.