АЗИЯ ЕЛДЕРІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫН ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
.Тапсырыс беруші: «Отандастар қоры» КЕАҚ
Сатып алынатын қызметтердің мақсаты:
Азия елдері қазақтарының кіші құрылтайын Оңтүстік Кореяда жоғары деңгейде ұйымдастыру, қатысушыларға іс-шара туралы толық ақпарат беру, олардың өзара байланыс орнатуына қолайлы орта қалыптастыру және Қазақстанның мәдени әрі рухани құндылықтарын шетелдегі қазақтарға насихаттау.
- Өтетін орны: Оңтүстік Корея
- Өткізу мерзімі: 5-6 сәуір 2025 жыл
Әлеуетті өнім беруші келесі қызметтерді ұсынуы қажет: зал жалға алу, баяндамашыларды ұйымдастыру, техникалық жабдықтау, баннер дайындау, кофе-брейк ұйымдастыру және қатысушыларға трансфер ұсыну.
1. Залды жалға алу
- Қатысушылар саны: кемінде 100 адамға арналған кең зал.
- Жайлылық: қатысушыларға ыңғайлы орындықтармен жабдықталған болуы тиіс.
- Климаттық бақылау: желдеткіш және ауа баптау жүйесімен қамтылған.
- Қосымша бөлмелер: панельдік талқылаулар, кофе-брейк және жеке кездесулер үшін фойе немесе кішігірім зал.
- Интернет: жоғары жылдамдықты Wi-Fi және тұрақты интернет қосылымы болуы қажет.
- Залды жалға алу мерзімі: кіші құрылтайдың ресми бөлігі өтетін күнге толық күнге жалға алынуы тиіс.
2. Баяндамашылар қызметін ұйымдастыру
- Баяндамашылар шетелдегі отандастар үшін өзекті тақырыптарды қамтитын ақпараттық баяндамалар дайындауы және кәсіби деңгейде ұсынуы тиіс.
- Қазақстанның мәдени және ұлттық құндылықтарын насихаттайтын баяндамалар дайындауы қажет.
- Тыңдаушылармен өзара байланыс орнатып, қойылған сұрақтарға нақты және толық жауап беруі тиіс.
- Талаптар:
- Көпшілік алдында сөз сөйлеу тәжірибесі болуы қажет (форумдар, конференциялар, бизнес-форумдар және т.б.).
- Мәдени-гуманитарлық саладағы жұмыс немесе баяндамашылық тәжірибесін растайтын құжаттардың (диплом, шарт, еңбек кітапшасы) көшірмелерін ұсынуы қажет.
- Қазақ тілінде еркін сөйлеуі тиіс, ағылшын тілін білуі артықшылық болып саналады.
- Тыңдаушылардың сұрақтарына шынайы әрі толық жауап бере алуы тиіс.
3. Техникалық жабдықтау
- Жарықдиодты (LED) экран: кемінде 4912 x 1338 pixel. Орнату, іске қосу және іс-шара барысында техникалық қолдау көрсету.
- Сахна жабдықтары: спикер креслолары және трибуна.
- Дыбыс жүйесі:
- Сапалы дыбысты қамтамасыз ететін жеткілікті қуаттағы колонкалар.
- Кемінде 2 сымсыз микрофон және панельдік сессиялар үшін трибунаға қойылатын микрофон.
- Дыбыстық басқару пульті.
- Презентация құралдары:
- Ноутбуктер және бейнепроекторлар.
- Презентацияны басқару пульті.
- Техникалық қызметкерлер: іс-шара кезінде барлық техникаға жауапты мамандар болуы тиіс.
4. Баннер (Баспасөз стенді)
- Өлшемі: кемінде 2x3 метр.
- Материал: жоғары сапалы винил немесе баннер материалы.
- Дизайн:
- Іс-шараның тақырыбына сәйкес келуі тиіс.
- Қазақстан мәдениетін және «Отандастар қоры» логотипін қамтуы қажет.
- Орнату: баннер іс-шара басталар алдында қойылып, іс-шара аяқталған соң жиналуы тиіс.
5. Кофе-брейк ұйымдастыру
- Кемінде 100 адамға арналған.
- Мәзірге кофе, шай, минералды су және жеңіл тағамдар кіруі тиіс.
6. Қатысушыларға трансфер ұйымдастыру
- Көлік түрі: 2 микроавтобус.
- Трансфер мерзімі: 5-6 сәуір.
- Сыйымдылығы: әрқайсысы 7-8 адам.
- Талаптар:
- Барлық көліктер техникалық тексеруден өткен болуы қажет.
- Кондиционермен және қажет болған жағдайда Wi-Fi қызметімен жабдықталуы тиіс.
- Жүргізушілер тәжірибелі және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болуы керек.
7. Қосымша талаптар
- Техникалық қолдау:
- Іс-шара барысында барлық қызметтердің орындалуын қадағалайтын жауапты тұлғалар мен техникалық қызметкерлер болуы тиіс.
Қосымша талаптар
– Техникалық қолдау: Іс-шара барысында барлық қызметтерді қадағалайтын жауапты тұлғалар және техникалық қызметкерлер болуы тиіс.
Әлеуетті қызмет орындаушылар өз ұсыныстарын 2025 жылғы 14 сәуірге дейінгі мерзімде мекен-жайы: Астана қ., Қонаев к-сі, 12/1, 5/2 кеңсесіне немесе info@oq.gov.kz электрондық пошта арқылылы жібере алады.
«Отандастар қоры» КЕАҚ
06.03.2025