Отандастар Қорының «Офлайн _____________ үйрету» жобасы бойынша домбыра үйретуді ұйымдастыру және өткізу бойынша қызмет көрсетуге арналған техникалық сипаттама
Кіріспе
Техникалық сипаттама (бұдан әрі – ТС) құру талаптарын Орындаушының қызметтерін белгілейді. ТС-да көрсетілген талаптар Орындаушыға міндетті болып келеді және ашық білім негізінде домбыра үйрету қызметтерінің түрін анықтайды.
Мақсат
Қызметтің негізгі мақсаты – шетелдегі отандастарды қолдап, дәстүрлі өнер мен ұлттық спортты дәріптеу.
Жалпы ережелер
Тапсырыс берушінің өкілі Орындаушымен көрсетілетін қызметтердің кезеңдерін өзара келісу үшін әрекеттеседі.
Қызметтер тізіміне қойылатын талаптар:
1. Орындаушының кәсіби білікті маман болуы немесе біліктілігін растайтын құжаты болуы керек;
3. 10 ай оқу мерзіміне арналған оқыту жоспарын дайындау;
4. Негізгі міндеттерін сапалы атқаруы керек;
5. Сабақтың мазмұнына, жобаның қажетті деңгейде насихатталуына жауап беруі керек;
6. Келісім шарт мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 5 күрделі күй, 5 шағын күй үйрету;
7. Қатысушылар тізімін құру тиіс (кәмелет жасқа толмаған оқушылардың ата-анасының біреуі, қамқоршы немесе заңды өкілінен жазбаша түрдегі рұқсаты болуы тиіс);
8. Домбыра үйрену курсының аудиториясын этникалық қазақтар мен отандастардан тұратын кемінде 15 қатысушы жиналу тиіс;
9. Домбыра үйрену сабақтары аптасына кем дегенде 2 күн, айына кемінде 12 сағатты құрау керек;
10. Орындаушы домбыра үйрену курсының айлық есебін және қатысушар тізімін (аты-жөні, жасы, қаласы, байланыс көздері) Астана қаласы уақытымен келесі есептік айдың 5-ші күні сағат 18:00-ге дейін қағаз және электронды нұсқада Тапсырыс берушіге жолдама хатпен ұсынуы керек (фото, видео материалдарымен қоса);
11. Көрсетілген қызметтердің актілерін ұсыну Орындаушымен ай сайын жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету мерзімі:2024 жылғы 1 ақпаннан 30 қарашаға дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінім, коммерциялық ұсыныс беру 25 қаңтарға дейін otandastarqory01@gmail.com электронды поштасына қабылданады.