Зерттеулер жүргізу және қорытынды талдамалық есептерді дайындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған техникалық ерекшелік (Еуропа елдері)


Жобаның атауы: Озық және заманауи өзекті дағдылар мен біліктілікке ие шетеледегі отандастарын өз елдерінің дамуына тарту бойынша халықаралық тәжірибе мен үздік жобаларды зерттеу (Еуропа елдері).

Жобаның мақсаты: Халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде өз елдерінің дамуына жоғары білікті отандастарды тарту бойынша ең үздік тәжірибелерден/жобалардан қажетті ұсынымдар мен ұсыныстарды мүдделі мемлекеттік органдарға қамтамас ыз ету.

Тапсырмалар: кешенді талдау шеңберінде 1) Өз елдерін дамытуға шетелдегі отандастарды тарту жөніндегі халықаралық тәжірибені зерттеу; 2) Өз елдерін дамытуға шетелдегі отандастарды тарту жөніндегі үздік жобаларды зерттеу.

 

Атауы

Міндеттері

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

1.

Орындаушыға - зерттеушіге/сарапшыға қойылатын талаптар.

 

 

 

 

 

Біліктілік талаптары:

Зерттеуші/сарапшы көші-қон, диаспоралар, халықаралық қатынастар, саясаттану, тарих және жоба үшін басқа да бейінді мамандықтар бойынша зерттеулер саласында жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті, дипломды маман болуға тиіс (магистр және PhD академиялық дәрежелері және /немесе ғылыми дәрежелер мен атақтарға артықшылық беріледі). Зерттеуші/сарапшы дипломдардың көшірмелерін, сарапшының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.

Зерттеушінің берілген жобаны толық немесе толық емес жұмыс уақыты бойынша іске асыру мүмкіншілігі қарастырылған (орындаушының жұмыс кестесінің ыңғайына қарай).

Зерттеу нәтижелері туралы кезеңдік есеп жоба басталған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде ай сайынғы негізде тапсырылады.

 

Орындаушының кәсіби дағдылары мен тәжірибесі туралы ақпаратты қамтитын толтырылған нысан және жарияланған материалдардың тізімі және дипломның көшірмелері.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру кезінде.

2.

 

 

 

 

 

Зерттеу бағдарламасы

Зерттеу жобасы Еуропа елдерінің халықаралық тәжірибесін талдауға негізделген және келесі бөлімдерді қамтуы керек:

1)    Мазмұны:

-       кіріспе;

-       талдамалық есептің материалдарын тиісті атауы бар «тарауларға» және «бөлімдерге» бөлу;

-       қорытынды;

-       аналитикалық есепке қосымшалар;

-       пайдаланылған дереккөздердің тізімі.

2)    Кіріспе:

- әрбір елге баса назар аудара отырып, зерттеудің практикалық маңыздылығы мен өзектілігін қысқаша негіздеу;

әдістер мен әдістеменің қысқаша сипаттамасы;

- зерттеу мақсатын, міндеттерін, нысанасын және объектісін көрсету;

3)  Негізгі бөлім: 

өз елдерін дамытуға шетелдегі отандастарын тарту бойынша халықаралық тәжірибені кешенді талдау;

- өз елдерін дамытуға шетелдегі отандастарды тарту бойынша неғұрлым тиімді жобаларды зерделеу және талдау.

4) Қорытынды:

- қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес сарапталған нәтижелерді баяндау;

- зерттеудің қорытынды бөлігі қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында іс-қимыл тәсілін ұсына отырып, талдаудың негізгі нәтижелерін синтездеуге тиіс.

5) Әдебиеттер тізімі және қосымшалар:  

- пайдаланылған жұмыстардың тізіміне зерттеу тақырыбы бойынша эмпирикалық деректерді көрсететін соңғы бес жылдан аспайтын мерзімде жарияланған, сенімді дереккөздерден (Scopus және т.б.) алынған заманауи ғылыми әдебиеттер, мақалалар, монографиялар, аналитикалық жазбалар (policy brief) кіруі керек. Өзекті теориялық негіздемесі бар бес жылдан астам уақыт бұрын жарияланған материалдарды пайдалануға болады;

- Әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіпте орналастырылады;

- Қосымшалар (қосымша материалдар болған кезде) нөмірлеу арқылы кезекпен жазылады. Барлық қосымшалар «Қосымша 1», «Қосымша 2» сынды тәртіппен жазылуы тиіс.

 

* Ұсыныстар қолданбалы сипатта болуы керек және анықталған мәселелерді шешуде аналитикалық негізделген, Қазақстанда қолдануға келетін тәсілдерді қамтуы қажет.

Зерттеу қорытындысы бойынша әр ел бойынша көлемі кемінде 15 бет болатын талдамалық есеп дайындалу қажет.

Есеп аналитикалық зерттеуді жазуға қойылатын мазмұнды және ресми талаптарға сәйкес келуі керек. Талдамалық зерттеу жұмысының 60%-ы қолданбалы-талдамалық (applied), 40%-ы ғана сипаттамалық (descriptive) зерттеу болуы қажет.

Мәтіннің түпнұсқалығы кемінде 85% құрауы тиіс, плагиатқа қарсы анықтаманы орындаушы қамтамасыз етеді.

 

* Зерттеудің құрылымы мен мазмұны тапсырыс берушімен жазбаша түрде келісілуі керек. Еуропа елдеріне кіретін мемлекеттер зерттеу объектісі ретінде орындаушымен келісім жасалу сәтінде анықталады. Зерттеудің мазмұнын тапсырыс беруші бекітеді.

 

Шартқа қол қойылғаннан кейін 4 (төрт) ай өткен соң. Әр елге 30 (отыз) күнтізбелік күн көлемінде уақыт бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

І. Есеп беруге қойылатын талаптар

 

Мемлекеттік тілдегі талдамалық есеп Шартқа сәйкес жасалады, бұл ретте зерттеудің әрбір міндеті жеке сипатталады.

Талдамалық есепке ескертулер болған жағдайда тапсырыс беруші 3 жұмыс күні ішінде орындаушыға есепке ескертулер мен ұсыныстарды қарайды және жібереді.

Орындаушы есепке ескертулер мен ұсыныстарды алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге талдамалық есептің пысықталған нұсқасын жібереді.

Техникалық ерекшелікке сәйкес міндеттерді кезең-кезеңмен орындау жөніндегі аралық есептер тапсырыс берушіге алдағы айдың 4 күнтізбелік күнінен кешіктірілмей беріледі. 

Зерттеу түпнұсқа болуы, бұрын еш жерде жарияланбаған және үшінші тұлғалар пайдаланбаған болуы қажет.

 

ІІ. Есептерді ресімдеуге қойылатын талаптар

 

Талдамалық есептің құрылымы мен мазмұны Тапсырыс берушімен жазбаша келісілуі тиіс. Есеп мазмұнды және ресми талаптарға сай болуы керек. Зерттеу жұмысының соңғы нұсқасы зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін нақты әзірленген және егжей-тегжейлі құрылыммен ұсынылуы керек.

Құжат форматы - А4 (жалпы қабылданған «стандартты парақтың» мөлшері).

Беттің форматы кітап және/немесе альбом ретінде болуы мүмкін. Бұл ретте қорытынды есептің форматы кітап ретінде рәсімделеді, яғни аталмыш құжат әдеттегідей сол жағынан тігіледі.

Қаріп барлық жұмыс түрлері үшін бірыңғай – Times New Roman, кегль - 14, түсі – Авто режимінде (қара). Жолдар арасындағы интервал - 1. Абзацтардың алдында және кейін интервалдар қойылмайды. Негізгі мәтінді туралау әдісі - ені бойынша.

Бет жиектері: сол жақта – 3 см; оң жақта – 1,5 см; жоғарғы және төменгі жағында – 2 см (ландшафт режимі үшін беттер: жоғарғы жағында – 3 см; төменгі жағында – 1,5 см; сол және оң жақта – 2 см). Бірінші жолдың шегінісі (абзац) – 1,25 см. Мәтінде негізгі мәтіннің қалыңкөлбеу және асты сызылған сызбасын қолдануға рұқсат етіледі. Есептер мен қосымшалардың беттері нөмірленуі керек (нөмір беттің төменгі оң жағына араб цифрларымен қойылады, қаріпі бірегей).

Кестелерді/суреттерді/графиктерді жобалау кезінде қаріп өлшемін кішірейтуге/үлкейтуге болады. Мәтін оңай оқылуы керек. Әр элементтің астында (кесте/сурет/график) дереккөзді көрсетіңіз (құрастырылған: _____ [Электрондық ресурс ] URL: http://__ (қол жеткізілген күні 21.01.2022 ж.).

Кестелерді/суреттерді / графиктерді нөмірлеу араб цифрларымен орындалады, әдісі -өтпелі.

Мәтіннің өзінде әр кестеге/суретке/графикке сілтеме жасау қажет. Кестеден кейін бір жолдық шегініс жасалуы керек.

Дереккөздер басылым тілінде жарияланады. Мысалы, орыс немесе ағылшын тілдерінде жарияланған мақалалар қазақ тіліне аударылмайды.

Ескертпелер үшін олар белгіленген беттің соңында орналасқан, қаріп бірдей, 10-шы кегль, нөмірлеу - өтпелі.

Қорытынды есепте зерттеу міндеттері бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды бөлек бөліп көрсету қажет.

Әр есептің мазмұны Word форматында электронды түрде «Автоматты түрде жиналатын Мазмұн кестесі» функциясы арқылы жасалуы керек.

 

Хабарландыру - көшіру  

Өтінім нысаны - көшіру 

Коммерциялық ұсыныс