«Шетелде тұратын этникалық қазақтарға қазақ тілі бойынша әмбебап оқулық негізінде онлайн форматта қазақ тілін оқыту» жобасын ұйымдастыру бойынша оқытушылар арасында конкурс өткізу туралы хабарлама


«Шетелде тұратын этникалық қазақтарға қазақ тілі бойынша әмбебап оқулық негізінде онлайн форматта қазақ тілін оқыту» жобасын ұйымдастыру бойынша оқытушылар арасында конкурс өткізу туралы хабарлама

«Отандастар Қоры» КеАҚ «Шетелде тұратын этникалық қазақтарға қазақ тілі бойынша әмбебап оқулық негізінде қазақ тілін оқыту» жобасы бойынша оқытушылар арасында конкурс жариялайтындығы туралы хабарлайды.

Оқытушының білімі мен кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптар: Филиология немесе педагогика бағыты бойынша жоғары білімі болуы керек.

Мақсат. Қызметтің мақсаты – шетелде тұратын этникалық қазақтар арасында қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оларға ана тілін кеңінен насихаттау. 

Қызметтер тізіміне қойылатын талаптар:

  • 1)    Әр айдың соңында құжат форматында есеп беруі қажет. Есепте міндетті түрде сабақ барысынан түсірілген суреттер, тыңдаушылардың деңгейі, өткізілген сағат саны, қандай тақырыптар үйретілгені, қанша адам қатысқандығы туралы және т.б ақпараттар болуы тиіс;
  • 2)    Тыңдаушылар базасын құруы керек. Базада міндетті түрде тыңдаушылардың байланыс нөмері, электронды поштасы және қай елден/қаладан қатысып жатқандығы туралы мәліметтер болуы шарт;
  • 3)    Өткізілген әр сабақ жазбасының сілтемесін құжат форматында жіберуі қажет; 
  • 4)    Тыңдаушыларды бір жарым ай сайын тесттен өткізіп отыру қажет. Жыл соңына дейін өткізілетін тесттер саны төрттен кем болмауы тиіс;
  • 5)    Негізгі міндеттерін сапалы атқаруы керек;
  • 6)    Жыл соңында курстың тиімділігі (қатысушылардың белсенділігі, үйрену прогресі және т.б) бойынша сараптама мен ұсыныстар беруі керек (кем дегенде 3 бет).

Конкурсқа қатысуға өтінім, коммерциялық ұсыныс беру 2024 жылғы 12 ақпанға дейін oq.govkz@gmail.com электронды поштасына қабылданады.

 

«Отандастар Қоры» КеАҚ

06.02.2024 ж.