2024 жылы қандастарды ақпараттық қолдау орталығы Байланыс орталығының үйлестіруші қызметін көрсетуге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша маман


Жалпы біліктілік талаптары: жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің болуы: ҚР-ға көшіп келген этникалық қазақтармен жұмыс тәжірибесі; қандастарға қатысты заңнамалық актілерді білу, хаттармен жұмыс істеу; қазақ тілін меңгеру, компьютерлік сауаттылық, коммуникабельділік, стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға бағдарлану және оны ақпараттандыру, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл.

Функционалдық міндеттер: Колл-орталықтың жұмысын үйлестіру, шетелде тұратын және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды ҚР азаматтығын алғанға дейін қолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, өтініш білдірген қандастардың қоңырауларын, құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, ай сайынғы есепті тапсыру, шартта көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Техникалық ерекшеліктері:

1. Кол-орталықтан түскен деректерді қабылдау және өндеу.

2. Қоңыраулар мен өтініштер статистикасын жүргізу.

3. Бэк-кеңсеге келген азаматтарды  және қоңырауларды қабылдау және оларға жауап беру.

4. ҚР қоныс аударуға ниетті этникалық қазақтармен жұмыс жасау жөніндегі  әдістемелік нұсқаулық әзірлеу.

5. Колл-орталықтың жұмысын үйлестіру.

6. Басқа да тапсырмаларды орындау.

 

Шекті мерзімі: 23 шілде 2024 жыл

Байланысу нөмірлері: +7(7172) 235955

Электронды пошта: komek@oq.gov.kz (ұсыныстар мен түйіндемені жолдау үшін)