Қоғам президенті
Өмірбаяны
Абзал Сапарбекұлы 1975 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1999 жылы Түркияның Анкара қаласындағы Таяу Шығыс техникалық университетін тәмамдап, төмендегідей бірқатар қызмет атқарған:
2000-2003 жылдары референт, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің атташесі;
2003-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің атташесі, Үшінші хатшысы, екінші хатшысы;
2008 жылы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;
2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасының БҰҰ Еуропалық кеңсесі жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңесші;
2011-2014 жылдары Түркі кеңесі Хатшылығының директоры;
2014-2017 жылдары Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі/Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары;
2017 жылғы 5 сәуірден 2022 жылғы 15 наурызға дейін Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған.
2022 жылдың сәуір айынан бастап «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Президенті.