«Шетелдегі отандастарды домбыра ойнатуға оқытуды ұйымдастыру» жобасына сәйкес домбыра үйірмесін онлайн форматта өткізу бойынша қызметті сатып алуға арналған ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА


1. Кіріспе

Осы Техникалық сипаттама (бұдан әрі – ТС) қызмет көрсетушіге (бұдан әрі – Оқытушы) қойылатын талаптарды, қызметтің мазмұнын және сапа көрсеткіштерін белгілейді. Оқытушы ТС-да көрсетілген барлық міндеттемелерді толық көлемде орындауға міндетті.

2. Қызметтің мақсаты

Шетелдегі отандастар мен этникалық қазақтарды қолдау, ұлттық музыкалық аспап арқылы олардың тарихи Отаны – Қазақстанға деген мәдени қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды шетелде дәріптеу.

3. Қызмет көрсетушіге қойылатын талаптар

Оқытушының музыкалық (домбыра аспабы) бағытта кәсіби жоғары немесе орташа білімі болуы және оны растайтын құжаттарының болуы тиіс.

Сабақтарды үздіксіз өткізу үшін жоғары жылдамдықты интернет байланысы, HD сапасындағы бейне трансляция болуы міндетті.

Онлайн сабақтар – тапсырыс беруші тарапынан ұсынылатын Zoom платформасы арқылы интерактивті режимде жүргізіледі.

4. Қызмет көрсетудің көлемі мен мерзімі

Жалпы мерзімі: 9 ай.

Құрылымы: Оқыту 3 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің ұзақтығы – 3 айлық модуль.

Оқу жүктемесі: Аптасына 5 сағат (1 сабақ – 60 минут). Бір айда – 20 сағат, бір модульде – 60 сағат.

Жалпы сағат саны: 9 ай ішінде 180 сағат.

5. Оқыту әдістемесі мен мазмұны

Оқытушы қатысушыларды «Бастауыш» және «Озық» деңгейлеріне бөліп, әр топтың ерекшелігіне сай 3 айлық оқу бағдарламасын әзірлейді.

Оқу модульіне сәйкес әр айға арналған сабақ кестесін жасайды.

Әр 3 айлық модульдің соңында қатысушыларды меңгерген деңгейін тексеріп, сертификат алуға ұсыныс беру.

6. Есептілік

Әр айдың соңында Оқытушы Тапсырыс берушінің талаптарына сай өткізген сабақтар туралы айлық есеп тапсыруы қажет.

  • Атқарылған жұмыс туралы шығармашылық есеп (өткізілген тақырыптар бойынша ақпарат, қатысушылар тізімінің скриншоты және сабақ барысын растайтын скриншоттар есепке тіркеледі);
  • Бейне мұрағат: Әрбір өткізілген сабақтың бейнежазбасы (cloud жүйесіндегі сақтау сілтемесі немесе cloudта жүктелген файл түрінде) есепке қоса беріледі.

 

Коммерциялық ұсыныстарды жолдау үшін байланыс деректері:

  • телефон нөмірі: +7 (7172) 235931
  • электрондық пошта: info@oq.gov.kz
  • мекенжайы: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі 12/1, Шетелдегі отандастармен жұмыс департаменті.

 Коммерциялық ұсынысты беру мерзімі 2026 жылғы 16 ақпанға дейін.