Otandastar

Қоғам туралы

ҚОҒАМ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ

Қоғам қызметінің мақсаты – шетелдік және Қазақстан Республикасына оралған этникалық қазақтарды қолдау.

Қоғамның міндеттері:

- шетелдерде тұратын отандастардың және Қазақстан Республикасына оралған этникалық қазақтардың бейімделуі мен кірігуі тұрғысында қызмет көрсету;
- байланысты қолдау және орнату, отандастарға консультативті-құқықтық, ақпараттық-талдамалы қолдау көрсету үшін үшін отандастардың қоғамдық ұйымдармен, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен ақпарат алмасу.

Қоғам қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады:

  • отандастар бірлестіктерінің, қазақстандық және шетелдік құқық қорғау, үкіметтік және өзге де қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, ресми тұлғалардың, қоғамдық қайраткерлердің қатысуымен құрылтайлар, конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, брифингтер, кеңестер, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру;
  • ерікті негізде жеке және заңды тұлғалармен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен ұсынылған мемлекеттік емес қаржыға отандастардың білім гранттарын иеленуі мен жобаларын іске асыруына жәрдемдесу;
  • Қоғамның құзырет саласындағы зерттеу және ғылыми жұмыстарын өткізуіне қолдау көрсету;
  • алыс-жақын шетелдерде білім шараларын өткізуге қолдау көрсету;
  • шетелдердегі қазақ мектептерін әдебиетпен, оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен және заңнамлық тұрғыда тыйым салынбаған өзге әдебиетпен қамтамасыз ету;
  • шетелдерде тұратын отандастарды қазақ ұлттық мәдени орталықтарының жұмысын ұйымдастыру тұрғысынан, қазақ ұлттық мәдени орталықтарын заңмен тыйым салынбаған қажетті оқу құралдары мен өзге де әдебиетпен қамтамасыз ету;
  • қазақ тілін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын меңгеруге жәрдемдесу, сонымен қатар алыс-жақын шетелдерде мәдени және өзге де шаралардың өткізілуіне қолдау көрсету;
  • Қоғамның сыйақылары мен марапаттарын құру және беру, отандастарға арналған қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, отандастардың меценаттық ниеттерін қолдау;
  • қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әріптестік, сонымен бірге Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды қолдау, бейімделуі мен кірігуіне қолдау жәрдемдесу;
  • Қоғам қызметін жүргізуге арналған мүлікті иелену;
  • Қоғам мүлкін пайдалану жөніндегі есептерді жыл сайын интернет ресурстарына және (немесе) Қазақстан Республикасы аймағында таратылатын мерзімдік басылымдарда жариялау;
  • Қоғам қызметі аясында жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу және бекіту;
  • мемлекеттік және тартылған гранттардың есебінен, сонымен қатар қайырымдылық және/немесе басқа да көмек есебінен Қоғам құзыреті саласындағы ғылыми және зерттеу жұмыстарын әзірлеу әрі бекіту;
  • Қоғам мақсаттарына жауап беретін жобаларды қолдау және әзірлеу үшін халықтық қаржыландыру (краудфандинг) тарту.

Кері байланыс

Записаться