«Qazalem.kz» веб-платформасының контентіне жауапты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша редактор


Жалпы біліктілік талаптары: Жоғары кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің болуы:

  • ақпараттық ресурстарды құру және сүйемелдеу саласындағы 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі
  • Web-ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігі негіздерін білу;
  • Қазақ, орыс (ағылшын тілі қосымша) тілін білу
  • Әлеуметтік желілер маркетингінен хабардар болу;
  • Әлеуметтік желілерде (фейсбук, инстаграм, тик-ток, т.б.) жұмыс істеу тәжірибесі;
  • Онлайн фото-видео сервистермен жұмыс істей білу;

Техникалық ерекшеліктер:

  1. Порталды ақпаратпен қамтамасыз етуге, ақпараттардың өзектілігіне, мәтіндік, грамматикалық қатесіз жазылуына жауапты болу;
  2. Порталдың мақсатына сай күнделікті ақпараттар, жаңалықтармен, аңдатпалармен қамтамасыз ету;
  3. Министрліктер, өңірлер әкімдігі және ұлттық компаниялардағы жауапты мамандардың порталдағы ақпараттарды жаңарту мен толықтыруын қадағалау;
  4. Qazalem.kz порталына келген ақпараттарды интернет-сервисте жариялау және редакциялау;
  5. Қазақша-орысша материалдарды, ресми-іс-қағаздарды аудару және дайын материалдарды, аудармаларды сайтқа орналастыру;
  6. Qazalem.kz порталындағы ақпараттарды (пайдалы кеңестер, жаңалықтар, сұхбаттар, т.б.) ресми әлеуметтік желілерде бөлісу;
  7. Қолданушыларымен кері байланыс орнату: пікірлерге, хабарламаларға жауаптар дайындау;
  8. Әр айдың қорытындысымен келесі айдың 5-не дейін атқарылған жұмыстар бойынша есеп тапсыру.

 

Байланысу нөмірлері: +7(7172) 235955

Конкурсқа қатысуға өтінім, коммерциялық ұсыныс беру 25 маусымға дейін info@oq.gov.kz электронды поштасына қабылданады.