Әлеуетті өнім берушілердің назарына!
«Қазақ диаспорасымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша қазақтардың кіші құрылтайын өткізу» жобасы шеңберінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қазақ диаспорасымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Куала-Лумпур қаласында өткізілетін Кіші құрылтайды ұйымдастыру бойынша баяндамашы қызметтерін сатып алуға арналған
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
1. Тапсырыс беруші: «Отандастар қоры» КЕАҚ;
2. Мақсаты: «Қазақ диаспорасымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша қазақтардың кіші құрылтайын өткізу» жобасы шеңберінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі қазақ диаспорасы өкілдерін біріктіріп, олардың арасындағы байланыстарды нығайту, қазақ мәдениетін, тілін, тарихын насихаттау және Қазақстанның іскер топтары, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің қазақ диаспоралары өкілдерімен өзара тиімді ынтымақтастығының мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылау;
3. Өтетін күні және орны:
2024 жылдың 10-13 қарашасы аралығында, Куала-Лумпур қаласы (Малайзия);
4. Сөз сөйлеу ұзақтығы - 20 минут.
5.Мақсатты аудитория: Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қазақ диаспоралары өкілдері, Қазақстанның іскер топтары, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдері.
6. Қызметтің қысқаша сипаттамасы
Баяндамашы құрылтай барысында қазақ диаспорасы үшін өзекті және маңызды тақырыптарды қамтитын ақпараттық баяндаманы дайындап, оны жоғары кәсіби деңгейде ұсынуы тиіс.
Баяндамашы Қазақстанның мәдени ұлттық құндылықтарын насихаттау бағытында немесе Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастық бағытында қазақ диаспорасына мазмұнды ақпарат жеткізуге жауапты болады.
Сонымен қатар, баяндамашы аудиториямен өзара байланыс орнатып, қойылған сұрақтарға нақты жауап беруі қажет. Баяндаманың мақсаты – қатысушыларға Қазақстанның мәдениеті, тілі, тарихы немес экономикалық ынтымақтастық перспективалары туралы ақпарат беру.
Спикерлерге қойылатын талаптар:
Конкурсқа қатысуға өтінімдер, коммерциялық ұсыныстар беру электрондық пошта info@oq.gov.kz арқылы немесе Астана қаласы, Д.Қонаев. көш.12/1, 3 этаж, «Отандастар қоры» КеАҚ, Шетелдегі отандастармен жұмыс департаментінде қолма-қол 2024 жылғы 5 қарашаға дейін қабылданады
«Отандастар қоры» КЕАҚ
30.10.2024