Отандастарды қолдау мәселелері бойынша өзекті ақпараттарды тарату және сапалы контент дайындау қызметтері (медиа менеджер) бойынша техникалық ерекшелігі
Жалпы біліктілік талаптары: жоғары білім
Мынадай құзыреттердің болуы: әлеуметтік желілерді жүргізу (SMM), іс-шаралар мен жобалар туралы ақпарат дайындау (копирайтинг), іс-шаралар туралы түсірілім жасау (мобилография), медиа-жоспар дайындау, отандық БАҚ-пен байланыс орнату, отандық және шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа мониторинг жасау.
Техникалық ерекшеліктер:
1. «Отандастар Қоры» КЕАҚ (бұдан әрі – Қоғам) әлеуметтік желідегі парақшаларын (Facebook, Instagram, Telegram, Tiktok) жүргізу және контент дайындау.
2. Шетелдегі қазақ тілді БАҚ арасында өзара мониторинг жасау.
3. Отандық және шетелдік БАҚ-тар үшін ақпараттық парақтар дайындау.
4. Қоғамның іс-шаралары және/немесе жобалары туралы сапалы видеоконтенттер дайындау.
5. Қоғамның Youtube арнасының ай сайынғы статистикаcын дайындау.
6. Әр айда атқарылған жұмыстың қорытындысын келесі айдың 5-не дейін есеп тапсыру.
Коммерциялық ұсыныстар 2025 жылғы 29 cәуірге дейін Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 12/1, 3 қабат мекенжайы бойынша немесе info@oq.gov.kz поштасы арқылы қабылданады.