Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жаппай және терең ақпараттық сипатта болуы тиіс, өйткені сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қазақстандық қоғамның басымдығы.
Жалпы бұл бағыттағы Отандастар қорында жүзеге асырылып келе жатқан іс-шаралардың мақсаты – біздің Қоғамның жұмыскерлерін барынша ақпараттандыру арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Қоғам бұл бағыттағы жұмыстарда өзінің белсенділігін танытады.
Мәселен, кезең кезеңімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды, түрлі іс-шараларды өткізу, сондай-ақ бұл іспеттес шараларға белсенді қатысу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды, қаржылық бақылауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауды, мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді қамтамасыз етеді.
Қоғамның барлық лауазымды адамдары мен қызметкерлері атқаратын лауазымына қарамастан, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының қағидаттары мен талаптарының сақталуына, сондай-ақ өздеріне бағынысты адамдардың осы қағидаттарды, талаптар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды бұзатын әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін жауапты.
Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністері үшін жауапкершілік шараларына: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілік шаралары жатады. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген шеңберде әрбір негізделген күдік немесе белгіленген сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша қызметтік тексерулер жүргізуге құқылы.
Бұл бөлімде Сіз «Отандастар қоры» КЕАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы материалдармен толығырақ таныса аласыз.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың ықтимал немесе белгілі жағдайлары туралы хабарламалар мынадай арналар мен байланыс құралдары арқылы берілуі мүмкін және құпиялылықтың сақталуына кепілдік беріледі:
электрондық пошта мекенжайы: info@oq.gov.kz
«Отандастар қоры» КЕАҚ телефоны: 8 7172 23 59 53
пошталық мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұрсұлтан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 12/1 (3 қабат).