«Этникалық қазақтар мен отандастарды шетелде ұлттық өнер және/немесе спорт түрлеріне оқытуды ұйымдастыру» қызметін сатып алу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама


 

  • Кіріспе
  • Техникалық сипаттама (бұдан әрі – ТС) құру талаптарын Орындаушының қызметтерін белгілейді. ТС-да көрсетілген талаптар Орындаушыға міндетті болып келеді және ашық білім негізінде ұлттық өнер және/немесе спорт түрлеріне оқытуды ұйымдастыру қызметтерінің түрін анықтайды.
  •  
  • Мақсат
  • Қызметтің негізгі мақсаты – шетелдегі отандастарды қолдап, дәстүрлі өнер мен ұлттық спортты дәріптеу.
  •  
  • Жалпы ережелер
  • Тапсырыс берушінің өкілі Орындаушымен көрсетілетін қызметтердің кезеңдерін өзара келісу үшін әрекеттеседі.
  •  
  • Қызметтер тізіміне қойылатын талаптар:
  • 1. Оқытушының кәсіби білікті маман болуы немесе біліктілігін растайтын құжаты болуы керек;
  • 2. Cабақтар офлайн форматта өтеді;
  • 3. 7 ай оқу мерзіміне арналған оқыту жоспарын дайындау;
  • 4. Негізгі міндеттерін сапалы атқаруы керек;
  • 5. Сабақтың мазмұнына, жобаның қажетті деңгейде насихатталуына жауап беруі керек;
  • 6. Келісім шарт мерзімі аяқталғанға дейін домбыра үйірмелерінде кемінде 5 күрделі күй, 5 шағын күй үйрету;
  • 7. Қатысушылар тізімін құру тиіс (кәмелет жасқа толмаған оқушылардың ата-анасының біреуі, қамқоршы немесе заңды өкілінен жазбаша түрдегі рұқсаты болуы тиіс);
  • 8. Курстар аудиториясын этникалық қазақтар мен отандастардан тұратын кемінде 15 қатысушы жиналу тиіс;
  • 9. Сабақтар аптасына кем дегенде 2 күн, айына кемінде 12 сағатты құрау керек;
  • 10. Орындаушы көрсетілген қызметтердің айлық есебін  және қатысушар тізімін (аты-жөні, жасы, қаласы, байланыс көздері) Астана қаласы уақытымен келесі есептік айдың 5-ші күні сағат 18:00-ге дейін қағаз және электронды нұсқада Тапсырыс берушіге жолдама хатпен ұсынуы керек (фото, видео материалдарымен қоса);
  • 11. Көрсетілген қызметтердің актілерін ұсыну Орындаушымен ай сайын жүзеге асырылады.
  •  
  • Қызмет көрсету мерзімі: 202жылғы 1 мамырдан 30 қарашаға дейін.
  •  
  • Конкурсқа қатысуға өтінім, коммерциялық ұсыныс беру 25 сәуірге  дейін otandastarqory01@gmail.com электронды поштасына қабылданады.