2018-2022 жылдарды қоса алғанда "Отандастар қоры" КЕАҚ құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуді жүргізу жөніндегі қызметтерге техникалық ерекшелік


  • 2018-2022 жылдарды қоса алғанда "Отандастар қоры" КЕАҚ құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуді жүргізу жөніндегі қызметтерге техникалық ерекшелік (бұдан әрі-техникалық ерекшелік)
  •  
  • 2018-2022 жылдарды қоса алғанда "Отандастар қоры" КЕАҚ құжаттарын ғылыми - техникалық өңдеу қызметтерін (бұдан әрі – қызметтер) көрсету талап етіледі.
  •  
  • Әлеуетті орындаушы қызмет көрсету кезінде келесі Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға тиіс:
  • 1) «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-I ҚР Заңы;
  • 2) ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары;
  • 3) ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары;
  • 4) ҚР Мәдениет және спорт министрінің м. а. 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен бекітілген сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі (2023 жылғы 29 маусымдағы өзгерістермен)
  • 5) ҚР СТ 1037-2001 «Іс жүргізу және мұрағат ісі Терминдер мен анықтамалар»;
  • 6) ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары.
  •  
  • Қызметтердің сипаттамасы
  • Қызметтер мыналарды қамтиды:
  • 1) 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі жылдар бойынша істер мен құжаттарды ретке келтіру;
  • 2) 2018-2022 жылдардан бастап тұрақты және уақытша сақтауға жататын құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу;
  • 3) 2018-2022 жылдардан бастап жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке құрамы мен жеке істері бойынша тұрақты, уақытша сақтау істерінің тізімдемесін жасау;
  • 4) жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке құрамы мен жеке істері бойынша тұрақты сақтау істеріне ішкі тізімдеме жасау;
  • 5) істердің тақырыптарын жасау;
  • 6) титулдық және куәландыру парақтарын ресімдеу;
  • 7) жеке құрам бойынша тұрақты сақтау істерін картоннан жасалған қатты мұқабаға, уақытша сақтауға және жұмыстан босатылған жұмыскерлердің жеке істерін жұмсақ мұқабаға тігу (байланыстырғыштан);
  • 8) жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке құрамы мен жеке істері бойынша тұрақты сақтау істеріндегі парақтарды нөмірлеу;
  • 9) істердің мұқабаларын ресімдеу;
  • 10) істерді мұрағат қораптарына орналастыру;
  • 11) алғы сөз және тізімдемеге тарихи анықтама жасау;
  • 12) сақтау мерзімі өткен құжаттар мен істерді жоюға бөлу туралы акт жасау (бар болған жағдайда);
  • 13) сақтауға жатпайтын құжаттар мен істерді кәдеге жарату (қажет болған жағдайда).
  •  
  • 2. Қызмет көрсету нәтижелері
  • Әлеуетті орындаушы осы техникалық ерекшелікте белгіленген мерзімнен кешіктірмей Тапсырыс берушіге көрсетілген қызметтердің мынадай нәтижелерін беруге тиіс:
  • 1) тарихи анықтама және тізімдемеге алғы сөз;
  • 2) тұрақты және уақытша сақтау істерінің, жеке құрам бойынша, жұмыстан босатылған жұмыскерлер бойынша істердің тізімдемесі;
  • 3) жеке құрам бойынша, жұмыстан босатылған қызметкерлер бойынша тиісті түрде ресімделген және мұрағат қораптарына оралған тұрақты, уақытша сақтау істері;
  • 4) сақтау мерзімі өткен құжаттар мен істерді жоюға бөлу туралы акт (бар болған жағдайда);
  • 5) cақтауға жатпайтын құжаттар мен істерді жою актісі (қажет болған жағдайда);
  • 6) сақтау мерзімі өткен құжаттар мен істерді жоюға бөлу туралы ұйымның сараптама комиссиясының хаттамасы (бар болған жағдайда) және жергілікті мұрағат мекемесімен келісу (қажет болған жағдайда).
  •  
  • 3. Құпиялылық
  • Қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат, сондай-ақ қағаз тасығыштағы өзге де құпия ақпарат қатаң құпиялылық жағдайында сақталуға тиіс және қандай да бір тұлғаға Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз қандай да бір тәсілмен сатуға, айырбастауға, жариялауға немесе ашуға жатпайды.
  •  
  • Мұрағаттық құжаттарға қолжетімділік берілгенге дейін, қызметтер көрсету туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін Өнім беруші құпия ақпаратты/заңмен қорғалатын құпияны жария етпеу туралы жазбаша міндеттеме беруге міндетті.
  •  
  • 4. Қызметтердің көлемі мен құны
  • Әлеуетті өнім беруші қызметтер құнына Қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығыстарды (оның ішінде шығыс материалдары) енгізуге және өңделген (дайын) істің 1 (бір) бірлігінің құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеу қызметін көрсетуге коммерциялық ұсыныс беруге тиіс.
  •  
  • Ғылыми-техникалық өңдеуге жататын көлем:
  • 1) құжаттар 600 папка (регистр);
  • 2) жұмыстан босатылған қызметкерлер бойынша 46 папка.
  •  
  • Баға ұсыныстарын сұрату кезінде өңделген (дайын) 1200 (бір мың екі жүз) істі құрайды.
  • Шарт бойынша көрсетілетін қызметтердің жалпы құны көрсетілген қызметтер актісі бойынша берілген өңделген (дайын) істердің нақты санына байланысты қосымша келісіммен түзетілетін болады.
  •  
  • 5. Есеп айырысу тәртібі
  • Көрсетілген қызметтер үшін төлем Орындаушының есеп шотына қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.
  •  
  • Төлем шоты ұсынылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде шарттың жалпы сомасының 30% мөлшерінде аванс төлеу.
  • Шарттың талаптарына сәйкес көрсетілген қызметтер актісі негізінде түпкілікті есеп айырысу.
  •  
  • 6. Қызмет көрсету мерзімі: 2024 жылғы 31 қазанға дейін.
  •  
  • 7. Қызмет көрсету орны: Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 12/1.
  • Конкурсқа қатысуға өтінім және коммерциялық ұсыныс беру ағымдағы жылдың 29 наурызына дейін info@oq.gov.kz электрондық поштаға жіберу арқылы немесе мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1 ("Аманат" партиясының ғимараты), "Отандастар қоры" КЕАҚ 3-қабатында Әкімшілік департаментінде қабылданады.
  •  
  • 19.03.2024 ж.