1. Тапсырыс беруші: «Отандастар қоры» КЕАҚ;
2. Мақсаты: «Шетелде этникалық қазақтар мен отандастардың және ҚР азаматтарының қатысуымен мәдени-гуманитарлық жобаларды ұйымдастыру» жобасы аясында Омбы қаласында өткізілетін концертте екі танымал қазақстандық эстрада әртістерінің қатысуын ұйымдастыру;
3. Өтетін күні: 2023 жылғы 28 қараша;
4. Өтетін орны: Омбы қ., Ресей Федерациясы;
5. Концерттік бағдарламаның ұзақтығы - 1 сағат 30 минут.
Өтінім беруші қазақстандық эстраданың екі әртісінің Омбы қаласындағы концертке қатысуын қамтамасыз етеді.
Әртістерге қойылатын талаптар:
- Ұсынылған әртістер кез-келген жанрда, соның ішінде поп, рэп, этно, фольклор, классика және т.б. өнер көрсете алады. Таңдалған әртістер мақсатты аудиторияның қалауына сәйкес келуі керек (Омбыда тұратын жас этникалық қазақтар).
- әртістердің табысты өнер көрсетуде дәлелденген тәжірибесі және мақсатты жастар аудиториясында кең танымалдығы болуы тиіс. (Instagram-да кем дегенде 10 мың оқырманы болуы)
- қойылымды әртараптандыруға және әртүрлі тыңдаушылардың талғамын қанағаттандыруға қабілетті кемінде 6 өзіндік композициясының болуы.
- әртіс іс-шараға уақтылы келуді және ұйымдастырушылармен ынтымақтастықты қоса алғанда, өз жұмысына кәсіби көзқарас танытуы тиіс.
Жеткізуші қазақстандық әртістердің және олардың көмекшілерінің тұрмыстық Райдер талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. Атап айтқанда: Омбы қаласына/қаласынан ұшуды ұйымдастыру, Омбы шегінде автомобиль көлігіне қызмет көрсету, әртістердің тамақтануы, сондай-ақ қонақүйде тұруы.
Жеткізуші барлық дайындық жұмыстарын жүргізеді: әртістермен келіссөздер жүргізеді, көрсетілген мерзімде концерттің барлық қатысушыларының келуін қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер, коммерциялық ұсыныстар беру электрондық пошта арқылы қабылданады info@oq.gov.kz 16 қарашаға дейін.
«Отандастар қоры» КЕАҚ
9.11.2023