Заңды тұлғалар және кәсіпкерлер назарына!
Тауарларды сатып алу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама.
«Отандастар Қоры» КеАҚ «Шетелдегі отандастармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Кіші құрылтайын ұйымдастыру» жобасын іске асыру аясында төменде көрсетілген тауарларды сатып алатыны туралы хабарлайды.
№ |
Наименование товара |
Размер |
Описание |
Кол-во |
|
Қабырғаға ілінетін сурет (картина) |
|
Кенеп жақтауымен, акрил, декоративті элементтер. Қолөнер бұйымы.
"Шаңырақ" туындысы ұлттық стильде жасалған, қазақ мәдениеті мен тарихының айқын элементтерін көрсетеді. Ол отбасының жылуы мен жайлылығын, үй ішіндегі бірлік пен татулықты білдіреді. Бұл туындыда қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жарқын әрі терең сипатталып, қазақтың рухани мұрасы мен өнерінің бірегейлігін ашады, отбасы мен ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ерекше атап көрсетеді. |
1 |
|
Қабырғаға ілінетін сурет (картина) |
|
Кенеп жақтауымен, акрил, декоративті элементтер. Қолөнер бұйымы.
"Алқа" туындысы дәстүрлі қазақтың әшекейі заманауи интерпретацияда жасалған. Бұл туындыда ұлттық өнердің элементтері мен қазіргі заманғы көркем шешімдер ұштасып, көне әшекейлердің символикасы мен әсемдігін, сондай-ақ олардың қазақ дәстүріндегі терең мәдени маңызын айқындайды. |
1 |
|
Қабырғаға ілінетін сурет (картина) |
|
Кенеп жақтауымен, акрил, декоративті элементтер. Қолөнер бұйымы.
"Тұмар" туындысы қорған мен бақыттың символы. Қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерінен шабыт алып, бұл туынды көне символдарды заманауи көркем контексте ұсынады. Туындыда қазақ халқының рухани құндылықтары айқын көрсетіледі, сонымен қатар ұлттық мәдениеттегі осы элементтердің қорғаушы әрі өмірге қуат беруші рөлі ерекше атап өтілген. |
1 |
|
Қабырғаға ілінетін сурет (картина) |
|
Кенеп жақтауымен, акрил, декоративті элементтер. Қолөнер бұйымы.
"Алтын Кобыз" туындысы қазақ музыкалық мұрасының ең маңызды аспаптарының бірі — Қобызды бейнелейді. Бұл көне музыкалық құрал қазіргі таңда да дәстүрлі және заманауи орындаушылардың қолданысында, қазақ халқының мәдениеті, руханияты және музыкамен терең байланысын көрсетеді.
|
1 |
|
Қабырғаға ілінетін сурет (картина) |
40*60 см |
Кенеп жақтауымен, акрил, декоративті элементтер. Қолөнер бұйымы.
"Торсық" туындысы адам мен отбасының өміріндегі молшылықты, ізгілікті және әл-ауқатты бейнелейді. Бұл бейне табысты өмірді, өркениетті бейнелейді. Қазақ мәдениетінің маңызды элементі болып табылады. |
1 |
Тауарлардың нақты түрі және жобасы тапсырыс берушімен алдын ала келісіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім, коммерциялық ұсыныс беру 2025 жылғы 13 наурызға дейін info@oq.gov.kz электронды поштасына жолдау арқылы немесе Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі 12/1 мекен-жайы бойынша орналасқан «Отандастар Қоры» КеАҚ кеңсесінде қолма-қол қабылданады.