«Шетелдегі отандастарға қазақ тілі курстарын онлайн өткізу» Оқытушыға қойылатын негізгі талаптар
ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қызмет көрсету мерзімі: 2026 жылғы наурыз – қараша.
1. Білім және кәсіби құзыреттілік
- Филология (қазақ тілі мен әдебиеті) немесе педагогика мамандығы бойынша жоғары білім;
- Қазақ тілін оқыту әдістемесі мен дидактикасын жақсы білуі;
- Заманауи оқыту технологиялары мен цифрлық құралдарды қолдана білу.
2. Тіл деңгейін бағалау дағдылары
- Оқушылардың тіл деңгейін анықтау және оларға сәйкес оқу бағдарламасын құру қабілеті;
- Тіл үйренушілердің прогрессін қадағалап, оқу нәтижесін бағалау.
3. Педагогикалық дағдылар
- Әр жас топтарына арналған (балалар, жасөспірімдер, ересектер) жеке әдістемелерді қолдана білу;
- Сабақтарды қызықты, интерактивті, нәтижеге бағытталған түрде өткізу;
- Қурсқа қатысушылардың мотивациясын арттыру, олардың қызығушылығын ояту.
4. Тіл меңгеру деңгейі
- Қазақ тілін жетік білу (мемлекеттік тілде сауатты сөйлеу және жазу);
- Орыс және түрік тілдерін жетік білу қажет.
5. Жеке қасиеттер
- Коммуникабельділік – қатысушылармен оңай тіл табысу;
- Төзімділік – түрлі деңгейдегі қатысушылармен жұмыс істеу кезінде сабырлы болу;
- Шығармашылық – оқу процесін әртүрлі форматта қызықты ұйымдастыру;
- Жауапкершілік – белгіленген уақытта сабақ өткізу, материалдарды уақытында дайындау.
6. Техникалық талаптар
- Жақсы интернет байланысы;
- Онлайн сабақтар үшін қажетті құрал-жабдықтар: бейнекамера, микрофон, интерактивті тақта (немесе оның баламалары).
7. Қосымша артықшылықтар
- Мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі;
- Қазақ мәдениеті мен тарихын жақсы білу және оны сабақ барысында қолдану.
Коммерциялық ұсыныстар 2026 жылғы 12 ақпанға дейін Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1, 3 қабат мекенжайы бойынша немесе info@oq.gov.kz поштасы арқылы қабылданады.
Байланыс телефоны: +7 708 923 41 64