Қызметкерлердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру қызметін сатып алу
Осымен «Отандастар қоры» КеАҚ (бұдан әрі - Қоғам) 2024 жылғы шілде айында мынадай қызметтерді сатып алу жоспарланып отырғанын хабарлайды:
1. Қызметкерлердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру қызметін сатып алу;
талаптар:
– сақтандыру мерзімі – 12 ай;
– сақтандырылатын қызметкерлер саны – 33 адам;
– сақтандыру соммасы – 236 400 мың теңге.
Осыған байланысты әлеуетті қызмет берушілерге тиісті коммерциялық ұсыныстарды беруге шақырылады.
Коммерциялық ұсыныстар 2024 жылғы 17 шілдеге дейін Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 12/1, 3 қабат (Әкімшілік департамент) мекенжайы бойынша немесе email – info@oq.gov.kz арқылы қабылданады.