Алдыңғы қатарлы білім беру мектептері, колледждер мен жоғары оқу орындары базасында қазақ диаспорасы өкілдерінің балаларына білім беру-танымдық турларды ұйымдастыру қызметі
«Отандастар Қоры» КеАҚ шетелдерде тұратын 12-17 жастағы этникалық қазақ балалар арасында 2024 жылдың 24 маусымынан 7 шілде аралығында алдыңғы қатарлы білім беру мектептері, колледждер мен жоғары оқу орындары базасында «Жазғы лагерь» жобасын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
«Жазғы лагерь» жобасын ұйымдастыру және өткізу аясындағы қызметін орындаушы тарап төмендегі функцияларды орындауға жауап береді:
- — жазғы лагерьдің салтанатты ашылуы және жабылуын ұйымдастырады;
- — жазғы лагерь бағдарламасын әзірлейді;
- — жазғы лагерь жұмысын қамтамасыз ету үшін мектептің педагогикалық қызметкерлерінің құрамын анықтайды;
- — жазғы лагерь қатысушыларының 10 күннен кем емес сабақ кестесі мен күн тәртібін жасап, бекітеді;
- — жазғы лагерьге қатысушыларды орналастыру үшін жатақхана дайындайды;
- — жазғы лагерьді ұйымдастыру мәселелері бойынша білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады;
- — жазғы лагерь бағдарламасы бойынша оқушылармен кері байланыс орнатады;
- — қызмет көрсету кезеңінде қатысушылардың мектепте болуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды: жатын-орын, тамақтану;
- — жынысы әр түрлі қатысушылардың бөлек тұруын қамтамасыз етеді;
- — қатысушылардың мектепте болған барлық кезеңіне шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
- — бағдарлама өтер алдында қатысушыларға қауіпсіздік техникасы ережелерін түсіндіреді;
- — Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықтық нормаларға сәйкес оқушылардың барлық медициналық деректерінің құпиялылығын сақтайды;
- — қатысушылардың кез келген қолда бар деректерін жария етуден қорғайды;
- — Тапсырыс берушіні қысқа мерзімде, қатысушылардың деректерінің құпиялылығының бұзылуы анықталғаннан кейін 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей хабардар етеді;
- — жазғы лагерь жұмысының қорытындысы бойынша есеп береді;
- — жазғы лагерьді ұйымдастыру мәселелері бойынша Қоғаммен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді.
Коммерциялық ұсыныстар 2024 жылдың 3-маусымына дейін Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 12/1 мекенжайы немесе info@oq.gov.kz эл-поштасы арқылы қабылданады.
«Отандастар Қоры» КеАҚ
22.05.2024 жыл