Жобаның мақсаты: Шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің өтініштері негізінде шетелдік қазақ мәдени орталықтарын ұлттық киіммен, музыкалық аспаптармен және қолданбалы өнер бұйымдарынан тұратын арнайы жиынтықтармен қамтамасыз ету.
Жобаның міндеттері:
- Қазақ ұлттық мәдени орталықтары мен бірлестіктерінің ұлттық костюмдерге, музыкалық аспаптарға және ұлттық мәдениеттің көрінісі болып табылатын басқа да заттарға деген базалық қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- Шетелдегі қазақ мәдени орталықтарының тарихи Отанымен мәдени-гуманитарлық байланыстарын одан әрі нығайтуға және жандандыруға ықпал ету.
Ақпарат ретінде:
- Қоғам шетелдегі отандастарымызға қолдау көрсету мақсатында 2019 жылы әлемнің 21 еліндегі қазақ мәдени-іскери орталықтарына 87 «Дәстүрлі қоржын» жиынтығын табыстады. Қоржын ішінде қазақ ұлттық костюмі, домбыра аспабы, дәстүрлі «құрақ көрпе» және қазақ тұрмысы мен қолөнерінің басқа да элементтері бар.
- 2022 жылы әлемнің 17 еліндегі 43 мәдени орталыққа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы (38 дана), ұлттық киім жиынтығы (67 дана) және ұлттық домбыра аспабы (94 дана) табысталды.
- 2023 жылы 10 елдегі (Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Испания, Түркия, Корея Республикасы, Латвия, Германия, АҚШ, Чехия) 26 қазақ ұйымына 100 мемлекеттік ту, 390 ұлттық киім түрі, 82 ұлттық аспап түрі берілді.
- 2024 жылы 11 елдегі (Қытай, Ресей, Мажарстан, Норвегия, Франция, Түркия, Өзбекстан, Моңғолия, Литва, Малайзия, Ұлыбритания) 20 қазақ ұйымына 20 мемлекеттік ту, 151 ұлттық киім түрі, 70 домбыра табысталды.
- 2025 жылы 10 елдегі (Чехия, Түркия, Ресей, Франция, Швеция, Корея, Өзбекстан, Малайзия, Жапония, Мажарстан) 14 қазақ мәдени орталығына 37 домбыра, 1 тұтас киіз үй, 2 жартылай киіз үй және 2 ұлттық киім табысталды.