Шетелдегі отандастар үшін қазақстандық әртістердің қатысуымен Испания Корольдігі, Мадрид қаласында концерт ұйымдастыру қызметтеріне арналған ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА


1. Тапсырыс беруші: «Отандастар қоры» КЕАҚ;

2. Мақсаты: Мадрид қаласында қазақстандық фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің қатысуымен екі күндік концерттік іс-шара ұйымдастыру арқылы шетелдегі отандастармен мәдени ынтымақтастықты нығайту.

3. Өтетін күні және орны: 2025 жылғы 11, 12 шілде – Мадрид (Испания Корольдігі);

4. Концерттік бағдарламаның ұзақтығы – кемінде 2 сағат.

5. Мақсатты аудитория: Еуропада тұратын этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын ҚР азаматтары.

6. Әлеуетті өтінім беруші қазақстандық фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің Мадрид қаласында өткізілетін концерттерге қатысып өнер көрсетуін және екі күнге концерт өтетін залды жалға алуды қамтамасыз етеді.

Әртістерге қойылатын талаптар:

- Ансамбльдің репертуары ұлттық этно және фольклор жанрларына сәйкес келуі тиіс, Қазақстанның мәдени мұрасын бейнелейтін әндер мен музыкалық шығармалардан тұруы қажет.

- Ансамбльдің репертуарында кем дегенде 10 түрлі музыкалық композиция болуы тиіс, олар ұлттық аспаптарды қолдану арқылы әртүрлі тыңдаушылардың талғамын қанағаттандыруға қабілетті болуы керек.

- Әртістердің іс-шараға уақтылы келуі, дайындық кезінде және қойылым барысында ұйымдастырушылармен тығыз ынтымақтастықты сақтауды, сондай-ақ кәсіби көзқараспен жұмыс істеуді қамтамасыз етуі тиіс.

Әртістердің концертке қатысуын ұйымдастыру:

- Әлеуетті өтінім беруші қазақстандық фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің Мадрид қаласына/қаласынан ұшуды ұйымдастыру, қонақ үй, тамақтану, шенген визасын рәсімдеу, сақтандыру сондай-ақ ансамбльдің техникалық қажеттіліктерін (дыбыстық, аспаптардың электр жабдықтары және т.б.) қамтамасыз ету шығындарын өтейді.  

- Әлеуетті өтінім беруші барлық дайындық жұмыстарын жүргізеді: әртістермен келіссөздер жүргізеді, көрсетілген мерзімде концерттің барлық қатысушыларының келуін қамтамасыз етеді.

Концерт өтетін залды жалға алу және техникалық жабдықтау:

- Кемінде 250 адамға арналған, кәсіби акустикасы бар концерт залын екі күнге жалға алу;

- Дыбыс жабдықтары: концерт залына сәйкес қуатты дыбыс жүйесі, сымсыз микрофондар (кемінде 4 дана), пульт;

- Жарық: сахналық жарықпен қамтамасыз ету;

- Проектор немесе LED экран;

- Техникалық мамандар (дыбыс, жарық, сахна) іс-шара барысында толық қолдау көрсетуі тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер, коммерциялық ұсыныстар беру электрондық пошта info@oq.gov.kz арқылы немес Астана, Д.Қонаев көшесі 12/1, 3 этаж, «Отандастар қоры» КеАҚ Шетелдегі отандастармен жұмыс департаментінде 2025 жылғы 4 шілдеге дейін қабылданады.

 

 

«Отандастар қоры»  КЕАҚ

26.06.2025