Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының «колл-центр сарапшысы» азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша маман
Жалпы біліктілік талаптары: жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің болуы: ҚР-ға көшіп келген этникалық қазақтармен жұмыс тәжірибесі, қандастарға қатысты заңнамалық актілерді білу, құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, әлеуметтік желілерде жұмыс істеу, хаттармен жұмыс істеу; қазақ тілін меңгеру, компьютерлік сауаттылық, комуникабельділік, жауапкершілік, қызмет тұтынушыға бағдарлану және оны ақпараттандыру.
Техникалық ерекшеліктер:
- Колл-орталық арқылы Қазақстанға қоныс аударған және шетелде тұратын этникалық қазақтарға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсету.
- Бэк-кеңсеге келген азаматтарды және қоңырауларды қабылдау.
- Келіп түскен қоңыраулар мен өтініштер бойынша кері байланысты ұйымдастыру.
- Келіп түскен мәселелерді талдау, оларды жүйелі шешу және алдын алу жөнінде уәкілетті органдарға жолданатын ұсыныстар дайындау.
- Ерулік сайтының мазмұндық толымдылығына ақпараттарды өңдеп, ұсыну.
- Жиі қойылатын сұрақтар мен олардың жауаптарының анықтамалығын әзірлеу.
- Басшылық тарапынан түскен басқа да тапсырмаларды орындау.
- Әр айдың қорытындысымен келесі айдың 5-не дейін атқарылған жұмыстар бойынша есеп тапсыру.
Байланыс нөмірі: +7(7172) 235955
Конкурсқа қатысуға өтінім, коммерциялық ұсыныс беру қыркүйектің 20 - 27 дейін info@oq.gov.kz электронды поштасына қабылданады.