Заңды тұлғалар және кәсіпкерлер назарына! Қазақ ұлттық нақыштағы киімдерді сатып алу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама
«Отандастар Қоры» КеАҚ «Шетелдегі қазақ іскерлік үйі үшін материалдық-техникалық жарақтандыруды ұсыну» мемлекеттік тапсырмасы аясында қазақтың ұлттық нақыштағы киімдерін сатып алатыны туралы хабарлайды.
Ұлттық киімдердің жалпы түрі мен саны:
- Жағасыз ерлер шапаны – 40 дана.
- Әйелдер шапаны – 40 дана.
- Ұлттық әйелдер костюмы (көйлек қысқа қамзолмен) – 20 дана.
- Тақия (ерлер) – 100 дана.
- Қысқа ұлттық пиджак (ерлер) – 40 дана.
- Қыздарға арналған үкілі ұлттық тақия – 40 дана.
- 14 жасқа дейінгі ер балаларға арналған ұлттық киім (ер, тақия, ұзын жеңді шапан) – 40 дана.
- 14 жасқа дейінгі қыз балаларға арналған ұлттық киім (қыз, белдікті ұлттық көйлек) – 40 дана.
Қазақ ұлттық нақыштағы киімдердің нақты нұсқасы тапсырыс берушімен келісілуі тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінім, коммерциялық ұсыныс беру ү.ж. 20-шы қыркүйекке дейін info@oq.gov.kz электронды поштасына қабылданады.
«Отандастар Қоры» КеАҚ
28.08.2023 жыл