«Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету мен ілгерілетудің «Абай институты» бағдарламасын жетілдіру» жобасын ұйымдастыру бойынша оқытушылар арасында конкурс
«Отандастар қоры» КеАҚ «Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету мен ілгерілетудің «Абай институты» бағдарламасын жетілдіру» жобасы бойынша оқытушылар арасында конкурс жариялайтындығы туралы хабарлайды.
1) Оқытушының білімі мен кәсіби біліктілігі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- Филиология немесе педагогика бағыты бойынша жоғары білімі болуы керек;
- «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы ұйымдастыратын «қазақ тілін оқытуға» қатысты біліктілік арттыру онлайн-семинарының қатысушысы болуы керек.
2) Қызметтер тізіміне қойылатын талаптар:
- Оқытушы сабақ өтетін кеңсені ұсынуы қажет (тегін негізде);
- Ең кемінде 10 адамды құрайтын этникалық қазақтар үшін оқытушы онлайн/офлайн сабақтар ұйымдастырады. Онлайн сабақтар ұйымдастыру тапсырыс берушінің келісімен жүргізіледі;
- Сабақтың ұзақтығы – кемінде 1 сағатты құрауы тиіс;
- Қатысушылар базасын құруы керек. Базада міндетті түрде қатысушылардың байланыс нөмері, электронды поштасы және қай елден/қаладан қатысып жатқандығы туралы мәліметтер болуы шарт;
- Әр айдың соңында құжат форматында есеп беруі қажет. Есепте міндетті түрде сабақ барысынан түсірілген суреттер, тыңдаушылардың деңгейі, өткізілген сағат саны, қандай тақырыптар үйретілгені, қанша адам қатысқандығы туралы және т.б ақпараттар болуы тиіс;
- Қатысушыларды жобаның соңына дейін 3 рет тілдік деңгейн анықтау мақсатында тесттен өткізуі қажет (Курстың басында, ортасында және соңында).
- Орындаушы Тапсырыс берушіге құрылған кеңсенің фотосуреттерін (қажет болған жағдайда видео) ұсынады;
- Орындаушы Тапсырыс берушімен сабақ тақырыбы мен жаттығулармен келіседі;
- Жыл соңында курстың тиімділігі (қатысушылардың белсенділігі, үйрену прогресі және т.б) бойынша сараптама мен ұсыныстар беру керек (кем дегенде 3 бет);
Конкурсқа қатысуға өтінім, коммерциялық ұсыныс беру 28 тамызға дейін (қоса алғанда) info@oq.gov.kz электронды поштасына қабылданады.
24.08.2023 ж.