Тұтас киіз үй (жабдықтарымен), жарты киіз үй (жабдықтарымен) және домбыра (қабымен) сатып алу қызметі


Заңды тұлғалар және кәсіпкерлер назарына!

Тауарларды сатып алу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама.

 

    1. «Отандастар Қоры» КеАҚ «Шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын және/немесе қазақ іскерлік үйлерін, сондай-ақ қазақ тілі мен мәдениетін дамытуға байланысты және/немесе шетелдегі отандастармен ынтымақтасатын ұйымдарды материалдық-техникалық құндылықтармен жарақтандыру» жобасын іске асыру аясында төменде көрсетілген тауарларды сатып алатыны туралы хабарлайды.

Тауардың атауы

Өлшемі

Тауардың сипаттамасы

Саны

дана

1

Тұтас киіз үй жабдықтарымен

6 қанат (тор-көз)

Диаметр: 5.5 м Биіктігі: 3.6 м

Сыйымдылығы: 15-20 адам

Тұтас киіз үй қаңқасы мына құрылымдардан тұрады:

Шаңырақ: Киіз үйдің күмбез тәрізді орталық бөлігі, ағаштан жасалған.

Уық: Шаңырақтан керегеге дейін созылатын ағаш бөлшектер.

Кереге: Киіз үйдің қабырғалары болып табылатын ағаштан жасалған торлы құрылым.

Киіз үйдің құрылымын бекітіп тұратын арқан-жіптер.

Есік: оюмен безендіріліп, ағаштан жасалған.

Сыртқы жабынды: Туырлық және үзік: табиғи киізден жасалған.

Тұтас киіз үй жабдықтары:

Қабырғаға орнатылған кілем (өрнектелген), еденге арналған дөңгелек кілем (өрнектелген),

матадан жасалған іргелік, матадан жасалған басқұр, жүннен жасалған желбау, матадан жасалған жалауша, жіптен жасалған тастама, жіптен жасалған үзікбау, жіптен жасалған шашақ, ағаштан жасалған қазақы оюлармен әшекейленген сандық, оюланған корпе жастык, теріден жасалған калкан, ағашпен темірден жасалған қылыш, ағашпен темірден жасалған найза, теріден жасалған торсык, ағаштан жасалған мүйізі бар шокпар, матадан жасалған қоржын, матадан жасалған шапан, ағашпен теріден жасалған қамшы, ағаштан жасалған, ламинатталған, бетіне қазақы ою-өрнек салынған жер үстелі.

1

2

Жарты киіз үй жабдықтарымен

биіктігі 3 м

ені 4,3м

 

 

Жарты киіз үй қаңқасы ағаштан жасалған құрылымнан тұрады. Оған мыналар кіреді:

Шаңырақ: Киіз үйдің күмбез тәрізді орталық бөлігі, ағаштан жасалған.

Уық: Шаңырақтан керегеге дейін созылатын ағаш бөлшектер.

Кереге: Киіз үйдің қабырғалары болып табылатын ағаштан жасалған торлы құрылым.

Киіз үйдің құрылымын бекітіп тұратын арқан-жіптер.

Киіз үйдің сыртқы жабындысы ақ түсте фетр материалынан жасалған.

Басқұрлар: Жабынды мен уықтарды байлайтын, қазақы оюлармен безендірілген баулар.

 

Жабдықтары:

Киіз үйдің еденін безендіру үшін қазақы ою-өрнекпен өрнектелген, жартылай дөңгелек пішіндегі түкті кілем.

Қабырғаға ілінетін, киізден жасалған және қазақы оюлармен безендірілген түскиіз.

Ағаштан жасалған, ламинатталған, бетіне қазақы ою-өрнек салынған жер үстелі.

Ағаштан жасалған, қазақы оюлармен әшекейленген сандық.

 

 

 

 

2

3

Домбыра

Өлшемі – 48 см

Кәсіби орындауға арналған, шырша-қайыңнан жасалған.

37

4

Домбыра қабы

Өлшемі – 48 см

Полиэстер матасынан жасалған, бауы бар

37

 

Тауарлардың нақты түрі тапсырыс беушімен алдын ала келісіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінім, коммерциялық ұсыныс беру 2025 жылдың 23 ақпанына дейін info@oq.gov.kz электронды поштасына жолдау арқылы немесе Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі 12/1 мекен-жайы бойынша орналасқан «Отандастар Қоры» КеАҚ кеңсесінде қолма-қол қабылданады.

 

 

 

«Отандастар Қоры» КеАҚ

17.02.2025 жыл