Әр қазаққа бір кітап – кітап тарату акциясы



«Отандастар қоры» КЕАҚ 2022 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп, алыс-жақын шетелде тұратын қазақтарға «Әр қазаққа – бір кітап!» жобасы аясында кітап тарату акциясын бастады. Акция аясында 5000-ға жуық кітап жиналды және 300-ге жуық кітап отандастарға таратылды. Акция бүгінге дейін жалғасуда.

Мақсаты: Шетелде тұратын этникалық қазақтарға халқымыздың көркем әдебиетінен, тарихы және рухани мәдениетінен сыр шертетін кітаптарды жеткізу.  

  • Акцияға қатысу шарты:
  • Кез келген қазақстандықтар, қоғамдық ұйымдар,  кітапханалар және баспалар қатыса алады;
  • қазақ тіліндегі, сыртқы пішіні ескірмеген, көркем әдеби, тарихи және мәдени кітаптар қабылданады.

«Әр қазаққа – бір кітап» акциясы аясында кітаптарды қабылдау мекен-жайларын анықтау үшін +77056647211 (Жандос Қонысбек) хабарласыңыз.

Сондай-ақ, 19-23 сәуір аралығында Отандастар қорының жобасы “Әр қазаққа – бір кітап!” акциясы Eurasian Book Fair 2023 VI Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі шеңберінде табысты өтті.

Шетелдегі қандастарымызға тарту етілетін кітап акциясына 70-тен астам адам үлес қосты. Жиналған қаражатқа жобаға қолдау білдірген “Мазмұндама” баспасынан 30% жеңілдікпен 50-ден астам кітап сатып алынды. Сонымен қатар, Мазмұндама баспасы бірқатар кітаптарды тарту етті.