«Отандастар Қоры» КЕАҚ қызметтерінің бірі – талдамалық зерттеулер жүргізу. Қазіргі уақытта бірқатар өзекті тақырыптар бойынша жүргізілген далалық зерттеу жұмыстарының нәтижелері тиісті мемлекеттік органдарға ұсынымдар ретінде жіберілді.
- Бірқатар талдамалық зерттеулер бойынша қысқаша ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз:
- Шетелдегі қазақтардың негізгі қызмет түрлерін зерттеу
- Зерттелген елдер: Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Моңғолия, Түркия
- Нәтиже: Зерттеу жұмысының қорытынды есебі 320-дан астам бетті құрайды. Сондай-ақ, этникалық қазақтардың шетелдегі колледждер мен жоғары оқу орындарына түсудің негізгі үрдістері мен олардың жұмыспен қамтылуының салаларын қамтиды. Қорытынды есепте 69 ұсыныстар мен ұсынымдар берілді.
-
- Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердің аумақтарындағы қазақтардың қоныстану тарихын зерделеу
- Зерттелген елдер: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан және Түрікменстан
- Нәтиже: Зерттеу жұмысының қорытынды есебі 290 бетті құрайды. Шетел қазақтарының автохтондық этнос және диаспора ретіндегі қоныстануының тарихи аспектілері, қазіргі уақыттағы әкімшілік-аумақтық субъектілері бойынша қазақтардың шамалық саны қамтылған. Қорытынды есепте 23 ұсыныстар мен ұсынымдар берілді.
-
- Өзбекстандағы қазақтардың рухани мұрасын жинақтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы
- 2022 жылы PhD докторы Ардаби Маулет Өзбекстандағы қазақтардың рухани мәдени мұрасын жинау, зерттеу мақсатында Науаи облысы Үшқұдық, Тамды аудандарындағы қазақтар тұратын елді мекендерге барды. Өзбекстанға екінші ғылыми экспедиция 2023 жылы өз жалғасын тауып, қазақ қандастардың бірқатар фольклоры, музыкалды әуендері, термелері жазып алынды.
- Нәтиже: Өзбекстандағы қазақтардың рухани мұрасын ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында 116 аса құнды материалдар (музыкалық шығарма, ауыз әдебиетінің үлгілері т.б.) видео, аудио, фото форматтарында жазылып сақталды.
-
- Эмиграцияға және репатриацияға байланысты Қазақстанның солтүстік өңірлерінің экономикалық даму мәселелері
- Нәтижесі: Зерттеу жұмысының қорытынды есебі 450-ден астам бетті құрайды. Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі эмиграция және этникалық иммиграция (репатриация) процестерінің ерекшеліктері, оның ішінде, репатрианттар арасында жұмыспен қамтылудың салалық құрылымы анықталды. Сонымен қатар, бір репатрианттың оралуына кеткен мемлекеттік шығындар көлемі және оның ұзақ мерзімді перспективада болжамды ықпалының нәтижелері қамтылған. Қорытынды есепте 37 ұсыныстар мен ұсынымдар берілді.
-
- Жаңа қазақ диаспоралары және бұрыңғы отандастар (2023 ж.)
- Зерттелген елдер: Ресей, Германия, Польша, Түркия, Америка Құрама Штаттары (АҚШ).
- Нәтижесі: Зерттеудің қорытынды талдамалық есебі 160 бетті құрады. Әлемдегі жаңа қазақ диаспораларын және бұрынғы отандастардың әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары, көші-қон кезеңдері, миграциялық стратегиялары, мәдени танымдары, Қазақстанға деген көзқарасы анықталды. Зерттеу қорытындысы бойынша 15 ұсыныс пен практикалық ұсыным дайындалды.
-
- Озық және заманауи өзекті дағдылар мен біліктілікке ие шетелдегі отандастарды өз елдерінің дамуына тартудағы халықаралық тәжірибе мен үздік жобаларды зерттеу (2024 ж.)
- Зерттелген елдер: Еуропа елдері (Польша, Армения, Ирландия, Литва), Израиль, Үндістан , Қытай , Түркия.
- Нәтижесі: Зерттеу елдерінің диаспоралық саясатындағы заңнамалық және институционалдық өзгешеліктері зерттеліп, Қазақстанның шетелдегі диаспораларымен өзара қарым-қатынасын одан әрі дамытуға қажетті халықаралық тәжірибелер мен тиімді механизмдерге негізделген 50-ге жуық ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.
-
- Шетелде жетістікке жеткен отандастарымыздың Қазақстанның дамуына үлестерін қосу тетіктерін зерттеу (2024 ж.)
- Зерттелген ел: Германия Федеративтік Республикасы.
- Нәтижесі: Талдамалық есеп Германиядағы отандастарымыздың (этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар — немістер, қазақстандықтар) жетістіктері мен озық дағдыларын және олардың Қазақстанның даму механизмдеріндегі рөлін талдауға бағытталған. Зерттеу нәтижелері бойынша шетелдегі 11 отандасымыз және олардың жобалары туралы анықтамалық ақпарат дайындалып, оларды ел экономикасының әртүрлі салаларына тарту мақсатында пайдаланылуда.