Jas Qazaq – жазғы этно-лагері



«Jas Qazaq» жазғы этно-лагері шетелдегі қазақ балалары асыға күтетін жобаға айналды. Бес рет ұйымдастырылған шараға 15-ке жуық елден 700-ден аса бала қатысты.

Міндеті: алыс-жақын шеттегі қазақ диаспорасының балаларына тарихи Отаны Қазақстанды көрсету, қазақ тілін, тарихын, қазақы құндылықтар, мəдениетімен тереңірек таныстыру.

Екі апта ішінде балалар тіл курстары, садақ ату, ат үстінде орман экскурсиясы мен басқа да қызықты спорт түрлері және танымдық ойындар үйренеді. Оған қоса киіз үй тігіп үйреніп, домбыра курстарына да қатысады.

2019 жыл 10-24 шілде аралығында Астана қаласында орналасқан «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ базасында ұйымдастырылды. Оған Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Түркіменстан, Иран, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен 150 бала қатысты.

2022 жылы 17-28 шілде аралағында Бурабайда орналасқан «IQanat High School of Burabay» мектеп базасында өтті. Франция, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Түркия, Қырғызстан, Қытай елдерінен 84 қатысушы келді.

2023 жылы 1-14 шілде аралығында «IQanat High School of Burabay» мектеп базасында  өтті. Бұл жолы 8 мемлекеттен (АҚШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Беларусь, Қырғызстан) 176 бала қатысты.

2024 жылы 24 маусымнан 7 шілде аралығында «IQanat High School of Burabay» мектеп базасында өтті. Оған Иран, Корея, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан сияқты 7 мемлекеттен 250 оқушы қатысты.

Соңғы рет, 2025 жылы  7 - 20 шілде аралығында «IQanat High School of Burabay» мектеп базасында өтті. Оған 9 мемлекеттен (АКШ, Польша, Түркия, БАӘ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан)  130 оқушы қатысты.