Ұлы Дала – шетелдік отандастардың кітаптарын шығару жобасы



«Ұлы дала» жобасы – Отандастар қоры мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп жүзеге асырып келе жатқан маңызды мәдени бастама. Оның басты мақсаты – шетелде тұратын қазақ қаламгерлерінің мұрасын жинақтап, ел ішінде таныту, тарихи-мәдени сабақтастықты нығайту және ұлттық әдебиеттің дамуына үлес қосу. Жоба аясында 2023 жылы – 10, 2024 жылы – 9, 2025 жылы - 9 кітап басылып шықты.

2023 жылы жарық көрген кітаптар тізімі:

1. «Сеңгір таулар» – дилогиялық роман. Автор Сұлтан Тәукейұлы (Моңғолияның халық жазушысы). Елі: Моңғолия.
   Роман ел тарихы мен тұлғалар тағдырын көркем суреттейді.

2. «Маусымжан» – әңгімелер жинағы. Автор Шынай Рахметұлы (Моңғолияның халық жазушысы). Елі: Моңғолия.
   Тақырыптық әр алуандығымен ерекшеленетін әңгімелер топтамасы.

3. «Жыр күмбезі» – өлеңдер жинағы. Автор Қызырбек Оралов. Құрастырған Жәди Шәкенұлы. Елі: Қытай.
   Ақынның 1956–1964 жылдары жазған өлеңдері мен естеліктері.

4. «Қайтқан қаздың дауысы» – өлеңдер жинағы. Автор Көпбосын Сәскин. Елі: Қытай.
   Классикалық дәстүрде жазылған таңдамалы өлеңдер.

5. «Антиөлшем» – әдеби-сын мақалалар. Автор Сұраған Рахметұлы. Елі: Моңғолия.
   Қазіргі поэзияға арналған сыни ойлар мен талдаулар.

6. «Казахи Волгоградской области: история и современность» – тарихи танымдық еңбек. Автор Геннадий Ташпеков (тарих ғылымдарының кандидаты). Елі: Ресей.
   Волгоград өңіріндегі қазақтардың тарихы мен мәдениеті.

7. «Еуропадағы қазақ диаспорасының тарихы және қазіргі жағдайы» – зерттеу. Автор Досан Баймолда (профессор). Елі: Моңғолия.
   Еуропадағы қазақтардың қалыптасу тарихы мен бүгіні.

8. «Керуен-ғұмыр» – автобиографиялық еңбек. Автор Таухай Тайф. Елі: Моңғолия.
   Баян-Өлгий қазақтарының тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті туралы.

9. «Сары қаймақ сағыныш» – поэма, толғау, өлеңдер. Автор Байыт Қабанұлы. Елі: Моңғолия.
   Сағыныш сарыны мен ұлттық болмысқа толы жырлар.

10. «Қытайдағы қазақ ақындарының айтысы» – айтыстар жинағы. Автор Бата Кәдірхан. Елі: Қазақстан.
    Қытайдағы қазақ айтыскерлерінің таңдаулы туындылары.

 

2024 жылы халықаралық «Ұлы Дала» байқауы жалғасын тапты. "Отандастар қоры" және Қазақстан Жазушылар одағы бірлесе отырып, үздік 9 шығарманы таңдап, баспаға ұсынды:

1. "Қобданың қоңыр желі" (өлеңдер, балладалар, толғаныстар) – Рысбек Зұрғанбайұлы (Моңғолия)Жинақта туған өлке табиғаты мен ұлттық болмысты жырлаған поэзиялық туындылар топтастырылған.

2. "Үркер ауып барады" (өлеңдер) – Зүлкәпіл Мәулітұлы (Моңғолия)Автордың өлеңдері табиғат пен адам сезімінің нәзік үйлесімін бейнелейд

3. "Тәжікстандағы қазақтар: тарихи танымдық еңбек" – Абдусаттор Нуралиев (Тәжікстан)Еңбекте Тәжікстандағы қазақтардың тарихы мен мәдениеті деректер негізінде баяндалған.

4. "Ақиқаттың дәмі ащы" (өлеңдер) – Жарасқан Мырзамұратұлы (Өзбекстан)Жырларда шындық пен азаматтық үн айқын көрініс тапқан.

5. "Кімді кінәларсың..." (повестер мен әңгімелер) – Ербақыт Нүсіпұлы (Моңғолия) Жинақта адам тағдыры мен психологиялық толғаныстар суреттеледі.

6. "Ұрпағың үзілмесін" (әңгімелер) – Мұхтасыров Пионер Солтанович (Ресей)Жинақта ұрпақ сабақтастығы мен ұлттық дәстүрді сақтау мәселесі қамтылған.

7. "Қарасу жырлары" (өлеңдер) – Лала Жүнісқызы Жұманова (Өзбекстан)Өлеңдер туған жерге деген сағыныш пен махаббат сезімін жеткізеді.

8. "Өрікті көл" (повесть, әңгімелер) – Елеусіз Мұқамәдиұлы (Моңғолия)Кітапта ауыл өмірі мен адам тағдыры шынайы бейнеленген.

9. "Айтағалы салт атты" (шығармалар) – Баман Құрманханұлы (Моңғолия)Жинақта ұлттық дәстүрлер мен тарих сабақтастығы көркем суреттелген.

 

2025 жылы халықаралық «Ұлы Дала» байқауына 30 - дан астам еңбек келіп түсіп, Қазылар алқасы шешімімен 9 шығарма таңдалынып, баспаға ұсынды:

1. «Отынбай мен Шекпенқыз» (өлеңдер) – Сәли Садуақасұлы (Қытай)
 

2. «Қыпшақ хикаялары» (повестер мен әңгімелер) – Шаймұрат Қамзаұлы (Қытай)
 

3. «Бала шағым – болашағым» (өлеңдер) – Костер Тұмысханұлы (Моңғолия)
 

4. «Құрылыс – ұжымдық іс» (оқулық құралы) – Серікбол Съезханұлы (Моңғолия)
 

5.«Ару Алтай – Ана Алтай» (өлеңдер) – Тойлыбай Құрмандолдаұлы (Моңғолия)
 

6. «Мөлдір болсын жүректер» (өлеңдер) – Замира Мұсаева (Өзбекстан)
 

7.«Өзбекстандағы қазақ ақындарының өлеңдері» (өлеңдер жинағы) – Наурызбай Жарбосынұлы, Баршын Мырзабекқызы, Мейрамбек Әбдіқалиев (Өзбекстан)
 

8. «Абай және Орта Азия әдебиеті»  (монографиялық еңбек) – Қалдыбек Сейданов (Өзбекстан)
 

9.«Очерки истории и культуры Оренбургского края» (ғылыми жинақ) – Айгуль Тажмуратова (Ресей)