«Отандастар Қоры» КЕАҚ Диаспора және аз ұлттар саясаты саласында маманданған халықаралық ұйымдармен және өзге мемлекеттердің диаспорамен жұмыс жөніндегі органдарымен қарым-қатынастарды орнатып келеді.
Бұл бағытта 2022 жылғы 23 қарашада «Отандастар қоры» КеАҚ Түркия Республикасының Шетелдегі түріктер мен бауырлас қауымдастықтар жөніндегі басқармасымен (YTB), 2022 жылғы 28 маусымда Халықаралық «Түріксой» ұйымы, 2023 жылғы 10 сәуірде Әзірбайжан Республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитетімен, 2023 жылғы 2 ақпанда Өзбекстанның «Ватандошлар» қорымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Алдағы уақытта Өзбекстанның Ұлтаралық қатынастар комитетімен, Ресейдің «Россотрудничество» ұйымымен, Германияның «Verbundenheit» қорымен, Халықаралық көші-қон ұйымымен меморандумдарға қол қою жоспары бар.
2023 жылдың қыркүйек айында «Отандастар қоры» КеАҚ басшылығы елімізге ресми іссапармен келген Қытай Халық Республикасы Ұлттар ісі жөніндегі Мемлекеттік комитетінің төрағасы ПАНЬ Юэмен кездесті. Тараптар кездесу барысында «Отандастар қоры» мен ҚХР Ұлттар ісі жөніндегі мемлекеттік комитет арасында екіжақты байланыс орнатып, Қытай елінде мекендеп жатқан қандастарымыздың мәдени ұйымдарымен байланыстарды жолға қою, мәдени-гуманитарлық бағыттағы жобаларды бірлесе атқару, ұйымдар арасында тәжірибе алмасу жайын талқылады. ПАНЬ Юэ «Отандастар қоры» делегациясын Қытай Халық Республикасына ресми іссапармен келуге шақырды.