Kıeli Qazaqstan – танымдық экскурсиясы



«Kıeli Qazaqstan» танымдық экскурсиясының басты мақсаты – шетелде тұратын отандастарымызды Қазақстанның киелі жерлерімен таныстыру, қандастарды қолдауға арналған түрлі бағдарламалар, оның ішінде мәдени-гуманитарлық мүмкіндіктер туралы ақпарат беру, қазақ жастары арасындағы байланысты нығайту.

Іс-шараға шетелден келген қазақ мәдени ұйымдарының жас басшылары, спорт және өнер саласында жетістікке жеткен қандас жастар, журналистер, блогерлер мен белсенді отандастар қатысады.

Бүгінге дейін танымдық экскурсия 5 рет өткізілді.

Бірінші экскурсия 2018 жылы Түркістан қаласында өткізілді. Қатысушылар саны – 20 адам.

2019 жылы Маңғыстау облысында өткен экскурсия нәтижесінде «Jas Qazaq» халықаралық жастар ұйымы құрылды. Қатысушылар саны – 20 адам.

Ал 2020 жылы «Kıeli Qazaqstan» жобасының 20 қатысушысы Түркістан облысы мен Шымкент қаласының киелі жерлерін аралады.

  

2021 жылы Алматы облысы мен Алматы қаласында өткізілген танымдық экскурсияға Жапония, Түркия, Қытай, Иран, Ресей, Моңғолия және Өзбекстаннан 21 белсенді қазақ жастары қатысты. Олар Шарын шатқалы, Қайыңды көлі, «Алтын адам» музейі, Көлсай көлдері сияқты орындарды аралады.

Соңғы рет экскурсия 2022 жылы жаңадан құрылған Абай облысында ұйымдастырылды. Жобаға 31 адам қатысты. Олардың қатарында шетелдегі қазақ жастар ұйымының төрағалары, белсенді жастар мен әр түрлі сала мамандары болды.